Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2016 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 35/280-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 4363 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8/60-VI шешімімен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 23.12.2016 № 8/60-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысының 2-тармағына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТI:
      1. Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шаралары 2016 жылы жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит болып айқындалсын.
      2. Күші жойылды деп танылсын:
      1) Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы "Катонқарағай ауданның ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2015 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы" № 28/220-V (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3641 нөмірмен тіркелген, 2015 жылы 6 ақпанда № 10 (7797) "Арай" газетінде жарияланған) шешімі;
      2) Катонқарағай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 7 сәуірдегі "Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы" 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 28/220-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 30/237-V (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3641 нөмірмен тіркелген, 2015 жылы 29 мамырда № 40 (7826) "Арай" газетінде жарияланған) шешімі.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Ж.Жанабаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Д.Бралинов