Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 08 желтоқсандағы N 14017 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 08 қаңтарда № 4315 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 963 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 27.06.2016 № 963 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Өскемен қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 16 қазандағы № 543/01-08 ұсынымның негізінде Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Самсоновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай учаскеде орналасқан "Айка" шаруа қожалығының аумағында ірі-қара малдың бруцеллезі ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары А.М. Исқақовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Өскемен қаласының әкімі Т. Қасымжанов