"Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 09 желтоқсандағы N 34/425-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 қаңтарда N 4337 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 487-бабының 38-бабының, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 5-тармағына, "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 қосымшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5675) сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2523, 2010 жылғы 1 ақпандағы № 16 "Дидар", 2010 жылғы 2 ақпандағы № 16 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы В. Кошелев
      Шығыс Қазақстан облыстық
      мәслихатының хатшысы В. Головатюк

  Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 34/425-V шешіміне
қосымша

Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары


Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы ставкалары,* теңге

1

2

3

4

Ертіс өзені бассейні

1
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 тек.м

86,8

2
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса

теңге /1000 тек.м

249,5

3
Ауыл шаруашылығы

теңге /1000 тек.м

70,3

4
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге /1000 тек.м

70,3

5
Су энергетикасы

теңге /1000 кВт.сағ.

26,1

6
Су көлігі

теңге /1000 т. км

9,6

Балқаш және Алакөл өзен мен көлдері бассейні

7
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 тек.м

79,9

8
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса

теңге /1000 тек.м

220,5

9
Ауыл шаруашылығы

теңге /1000 тек.м

63,4

10
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге /1000 тек.м

60,6

11
Су энергетикасы

теңге /1000 кВт.сағ.

23,4

12
Су көлігі

теңге /1000 т. км

6,8