Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды 2015 жылға субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы N 74 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 сәуірде N 3886 болып тіркелді

Қолданыстағы
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 - бабының 2 - тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 - бабы 2 – тармағының 18) тармақшасына сәйкес және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3 - 1/600 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 9987) бұйрығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2015 жылға арналған субсидиялардың көлемдері;
      2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет жеткізушілерге қойылатын 2015 жылға арналған өлшемдер мен талаптар;
      3) осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен және бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу үшін 2015 жылға арналған субсидиялардың нормативтері;
      4) осы қаулының 4 қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарды 100%-ға дейін өтеуге 2015 жылға арналған субсидиялардың нормативтері;
      5) осы қаулының 5 қосымшасына сәйкес маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізудің 2015 жылға арналған өлшемдері мен талаптары;
      6) осы қаулының 6 қосымшасына сәйкес бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізудің 2015 жылға арналған өлшемдері мен талаптары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
      Облыс әкімі Д. Ахметов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков

      2015 жылғы "21" 03

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы "20" наурыздағы
№ 74 қаулысына 1 қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2015 жылға арналған субсидиялардың көлемдері


Субсидиялау бағыттары
Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидияланатын көлем

Субсидиялар сомасы, мың теңге

Ірі қара мал шаруашылығы

1.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас

3 000

2 000

6 000

Барлық сома:
 

6 000

Етті ірі қара мал шаруашылығы

2.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1)

тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басы
бас

18 000

80 000

1 440 000

2)

асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы
бас

20 000

21 500

430 000

3)

жалпы табындарда етті асыл тұқымды бұқаларды күтіп-бағу
бас

104 000

100

10 400

3.

Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу

1)

отандық асыл тұқымды ірі қара мал
бас

154 000

2 500

385 000

4.

Сиыр етін өндіру құнын арзандату:

1)

1 деңгей
кг

300

296000

88 800

2)

2 деңгей
кг

170

150000

25 500

3)

3 деңгей
кг

100

4 506000

450 606

5.

Бұқашықтарды өндірудің бірінші деңгейіндегі бордақылау алаңдарына немесе операторға өткізу

бас

24 000

5 100

122 400

Барлық сома:

 

2 958 706

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1)

асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы
бас

20 000

11 400

228 000

2.

Сүт өндіру құнын арзандату:

1)

1 деңгей
кг

25

21 200 000

530 000

2)

2 деңгей
кг

15

14 070000

211 050

3)

3 деңгей
кг

10

11 000000

110 000

Барлық сома:

 

1 079 050

Етті құс шаруашылығы

1.

Отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан ата –енелік нысандағы етті асыл тұқымды тәуліктік балапандарды сатып алу

бас

300

203,3

60 990

2.

Құс етін өндіру құнын арзандату:

1)

1 деңгей
кг

70

20 200000,2

1 414 014

2)

2 деңгей
кг

66

3 779000

249 414

3)

3 деңгей
кг

50

7 429000

371 450

Барлық сома:

 

2 095 868

Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1)

тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық қой басы
бас

1 500

155 995

233 992,5

2.

Асыл тұқымды тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу
бас

8 000

19 251

154 008

3.

Биязы жүн өндіру құнын арзандату
кг

130

42000

5 460

Барлық сома:

 

393 460,5

Жылқы шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу
бас

40 000

1 000

40 000

2.

Қымыз өндіру құнын арзандату
кг

60

2 000000

120 000

Барлық сома:

 

160 000

Шошқа шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды шошқаларды сатып алу

бас

15 000

65

975

2.

Шошқа етін өндіру құнын арзандату
кг

98

740000

72 520

Барлық сома:

 

73 495

Марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы)

1.

Асыл тұқымды маралдарды (бұғыларды) сатып алу

бас

30 000

200

6 000

2.

Маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
бас

14 708

3 171

46 640

Барлық сома:

 

52 640

Бал ара шаруашылығы

1.

Бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
бал ара ұялары

2 369,27

11 000

26 062

Барлық сома:

 

26 062

Жиыны:

 

6 839 282

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы "20" наурыздағы
№ 74 қаулысына 2 қосымша

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет жеткізушілерге қойылатын 2015 жылға арналған өлшемдер мен талаптар

      1. Технологиялық құрал-жабдықтарға, ұрықтандырушы бұқалардың ұрық дозаларын сақтауға арналған үй-жайлардың болуы.
      2. Ұрықтандырушы бұқалардың ұрық дозаларын сақтауды ұйымдастыру үшін технологиялық жабдықтардың және ілеспе материалдың болуы.
      3. Ұрпақ сапасы бойынша бағаланған ұрықтандырушы бұқалардың ұрық дозаларының болуы.
      4. 1 ұрықтандырушыға жылдық орташа жүктелім 240 бастан кем емес.
      5. 1 басқа ұрықтандырушы бұқалардың ұрығына қажеттілік – 2,5 доза.
      6. 1 дозаның құны – 750 теңгеден артық емес.
      7. 1 аналық мал басын ұрықтандыруға ұрық дозасының шығыны – 1875 теңгеден кем емес.
      8. Техник-ұрықтандырушының қызметіне жұмсалатын шығындар – 1000 теңгеден кем емес.
      9. Өзге шығындар (электр энергиясы, газ, су, сұйық азот, натрий цитраты, дезинфекциялық құралдар) – 125 теңгеден артық емес.

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы "20" наурыздағы
№ 74 қаулысына 3 қосымша

Маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен және бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу үшін 2015 жылға арналған субсидиялардың нормативтері

 

1 басқа арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидиялау нормативтері

Марал шаруашылығы

Бұғы шаруашылығы

Бал ара шаруашылығы

Маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен және бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу

15 057

12 393

2 369

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы "20" наурыздағы
№ 74 қаулысына 4 қосымша

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарды 100%-ға дейін өтеуге 2015 жылға арналған субсидиялардың нормативтері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 басқа арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарды 100%-ға дейін өтеу

бас

3000

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы "20" наурыздағы
№ 74 қаулысына 5 қосымша

Маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізудің 2015 жылға арналған өлшемдері мен талаптары

      1. Есептік жылдың 1 қаңтарында маралдардың (бұғылардың) мал басының қолда бары 300 – ден кем емес, бұның ішінде аналық мал басының 100 бастан кем емес болуы.
      2. Бейіндік ғылыми ұйымның немесе маралдарды (бұғыларды) өсіруге маманданған ғалымның ғылыми-консалтингтік сүйемелдеуінің болуы.
      3. Элита класты және 1 класты асыл тұқымды маралдардың (бұғылардың) асыл тұқымдық үлес салмағы:
      1) бұғылар - барлық бұғылар санының 40%;
      2) аналықтар – барлық аналық мал басының 55%.
      4. 100 аналыққа шаққанда алынатын төл - 30 бастан кем емес.

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы "20" наурыздағы
№ 74 қаулысына 6 қосымша

Бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізудің 2015 жылға арналған өлшемдері мен талаптары

      1. Есептік жылдың 1 қаңтарында бал ара ұяларының 100-ден кем емес (асыл тұқымды бал ара ұяларының көктемгі тексерудің актісі негізінде 100-ден кем емес) болуы.
      2. Бейіндік ғылыми ұйымның немесе бал араларын өсірумен айналысатын ғалымның ғылыми-консалтингтік сүйемелдеуінің болуы.
      3. Элита және 1 кластың үлес салмағы 50% кем емес.
      4. Ветеринариялық–санитариялық іс-шараларды міндетті түрде жүргізу.