2016 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 396 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 қаңтарда № 3521 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 16 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 29.04.2016 № 16 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 – тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына және 20 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
      3. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.
      4. "Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулыны Қазығұрт ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы қаулыны Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.А.Тұрсынқұловқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б.Д.Қыстауов

  Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 396 қаулысымен бекітілген

2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi

қ/с

Ұйымдардың атауы

Жұмыс түрлері

Адам саны

Қоғамдық жұмыстардың көлемі

Қаржыландыру көздерi

1
"Алтынтөбе ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
тұрғындардың үйлерiн аралау, ауыл округінің әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу
15
1292 үй
аудандық бюджет
2
"Жаңабазар ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
тұрғындардың үйлерiн аралау, ауыл округінің әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу
19
1384 үй
аудандық бюджет
3
"Жігерген ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
тұрғындардың үйлерiн аралау, ауыл округінің әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу
10
797 үй
аудандық бюджет
4
"Қақпақ ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
тұрғындардың үйлерiн аралау, ауыл округінің әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу
15
1050 үй
аудандық бюджет
5
"Қызылқия ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
тұрғындардың үйлерiн аралау, ауыл округінің әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу
23
2500 үй
аудандық бюджет
6
"Қазығұрт ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
тұрғындардың үйлерiн аралау, ауыл округінің әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу
42
4078 үй
аудандық бюджет
7
"Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
тұрғындардың үйлерiн аралау, ауыл округінің әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу
19
1722 үй
аудандық бюджет
8
"Қарабау ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
тұрғындардың үйлерiн аралау, ауыл округінің әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу
15
974 үй
аудандық бюджет
9
"Сабыр Рақымов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
тұрғындардың үйлерiн аралау, ауыл округінің әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу
10
594 үй
аудандық бюджет
10
"Тұрбат ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
тұрғындардың үйлерiн аралау, ауыл округінің әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу
20
1691 үй
аудандық бюджет
11
"Шарапхана ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
тұрғындардың үйлерiн аралау, ауыл округінің әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу
19
1374 үй
аудандық бюджет
12
"Шарбұлақ ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
тұрғындардың үйлерiн аралау, ауыл округінің әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу
12
684 үй
аудандық бюджет
13
"Шанақ ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
тұрғындардың үйлерiн аралау, ауыл округінің әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу
8
540 үй
аудандық бюджет
14
"Ынтымақ" селолық тұтыну кооперативі
аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына көмектесу
6
10080 шаршы метр
аудандық бюджет
15
"Ынталы" селолық тұтыну кооперативі
аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына көмектесу
6
4480 шаршы метр
аудандық бюджет
16
"Қазығұрт" селолық тұтыну кооперативі
аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына көмектесу
45
42500 шаршы метр
аудандық бюджет
17
"Ақтас" селолық тұтыну кооперативі
аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына көмектесу
6
5600 шаршы метр
аудандық бюджет
18
"Шарбұлақ" селолық тұтыну кооперативі
аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына көмектесу
6
8900 шаршы метр
аудандық бюджет
19
"Шанақ" селолық тұтыну кооперативі
аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына көмектесу
4
4500 шаршы метр
аудандық бюджет
20
"Орталық" селолық тұтыну кооперативі
аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына көмектесу
4
4600 шаршы метр
аудандық бюджет
21
"Қақпақ" селолық тұтыну кооперативі
аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына көмектесу
4
4600 шаршы метр
аудандық бюджет
22
"Шақпақ" селолық тұтыну кооперативі
аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына көмектесу
4
4600 шаршы метр
аудандық бюджет
23
"Оңтүстік Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Қазығұрт ауданының iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттік мекемесі
жастардың арасында салауатты өмiр салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу ("Сақшы" және "Тәртіп" пилоттық жобалары)
10
13 ауылдық округ аумағында
аудандық бюджет
24
"Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі
үйде әлеуметтік күтімге алынған және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге жәрдемдесу
10
98 жалғызілікті қарттар, 96 мүгедек балалар
аудандық бюджет
25
"Қазығұрт аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі
мұрағат құжаттары мен тiзiмдерiн жасау, құжаттарды қалыптастыру, оларды тiгу
14
3500 іс-құжат
аудандық бюджет
26
Қазығұрт ауданының әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Қазығұрт коммуналдық шаруашылығы мемлекеттік көп салалы кәсіпорыны" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
орталық паркiнiң тазалығын сақтауға; абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына көмек көрсету
43
100000 шаршы метр
70000 шаршы метр
аудандық бюджет
27
Қазығұрт аудандық шаруашылық жүргізу құқығындағы "Таза су" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
су жүйелерінің ағымдағы және күрделi жөндеу жұмысына көмек көрсету, су төлемдерін жинауға көмектесу
4
3000 метр 1500 үй
аудандық бюджет
28
"Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі
кiтап қорын тексеруге көмек көрсету
6
11700 дана
аудандық бюджет
29
"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының аппараты) жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңсесі" мемлекеттік мекемесі
шақыру қағаздарын жеткiзу, мұрағат құжаттарын өңдеу және мұрағатқа тапсыру iстерiн қалыптастыру
7
1500 дана, 500 іс-құжат
аудандық бюджет
30
"Қазығұрт аудандық мұрағаты" мемлекеттiк мекемесі
құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жiберу
4
4000 іс-құжат
аудандық бюджет
31
"Қазығұрт тынысы" газеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
мұрағатқа тапсыру үшiн құжаттарды қайта қалыптастыру және мұрағат құжаттарын өңдеу
4
5000 іс-құжат
аудандық бюджет
32
"Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
мұрағат құжаттары мен тiзiмдерiн жасау, құжаттарды қалыптастыру, оларды тiгу
10
3000 іс құжат
аудандық бюджет
33
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" республикалық мемлекеттiк мекемесі
азаматтарды шақыруды ұйымдастыруға көмек көрсету (шақыру қағазын тарату)
7
3500 дана
аудандық бюджет
34
"Қазығұрт аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жiберу, абаттандыру және көгалдандыру, қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету
7
5250 іс-құжат 2500 шаршы метр
аудандық бюджет
35
"Қазығұрт аудандық iшкi саясат бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі
қоғамдық пiкiр сұрастыру
2
13 ауылдық округ аумағында
аудандық бюджет
36
"Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі
мұрағат құжаттары мен тiзiмдерiн жасау, құжаттарды қалыптастыру, оларды тiгу
2
1200 іс-құжат
аудандық бюджет
37
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі
құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жiберу
3
3000 іс-құжат
аудандық бюджет
38
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемелекеттік мекемесінің "Қазығұрт ауданының аумақтық сот орындаушылар бөлімі" филиалы
шақыру қағаздарын жеткiзу, мұрағат құжаттарын өңдеу және мұрағатқа тапсыру iстерiн қалыптастыру
6
2000 іс-құжат 1000 құжат
аудандық бюджет
39
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Қазығұрт ауданының Әдiлет басқармасы" республикалық мемлекеттiк мекемесі
мұрағат кiтаптарын iшiнара жаңғырту, кiтаптарды тiгуге дайындау және жасақтау, үй аралау, сұраным бойынша iздеу салу
5
600 іс-құжат, 800 үй, 200 сұраным
аудандық бюджет
 
Барлығы:
 
455
 
 

      
      Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.