"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Қазығұрт аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 19/139-V шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 48/333-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 қаңтарда № 3513 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 19/139-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2375 тіркелген, 2013 жылғы 20 қыркүйектегі «Қазығұрт тынысы» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
      7 тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      «4) 9 мамыр «Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне» орай - Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
      7 тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Е.Нышанбекұлы

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    М.Момынов