2016 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1739 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда № 3495 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 31 бабына 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардығы Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға Түркістан қаласы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін азаматтар;
      2) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар;
      3) ауылдық жерлерде тұратын жұмыссыз әйелдер.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Мұсаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Қала әкімі                                 Ә. Өсербаев