"Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 467 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 3489 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 - бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Базарқұловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Ғ.Әбдірахымов

Шымкент қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 467 қаулысымен бекітілген

«Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Мангельдин көшесі, 39 үй, индексі 160005.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      15. Міндеттері:
      «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті қала аумағында мәдениет және тілдерді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
      2) мәдени мақсаттағы обьектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
      3) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
      4) мемлекеттік кітапханаларының біріне «Орталық» мәртебесін беру туралы қалалық жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізеді;
      5) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған қала деңгейдегі іс-шараларды жүргізеді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізеді;
      7) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 75-бабының 4-бөлігімен және 455 бабының 234бөліктерімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтырады;
      8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңңамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      17.Құқықтары мен міндеттері:
      1) жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, қала әкімдігінің отырыстарына қатысады;
      2) «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекеме қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
      2) «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
      3) сенімхаттар береді;
      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      6) «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
      7) «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.
      «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлкі коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. «Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.