1. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 271 "Квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2740 тіркелген, 2013 жылғы 4 шілдеде "Серпер" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Аталған қаулының 1 тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) Орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Бектемировке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Баракатов |