Мал шаруашылығы саласын субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 366 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 желтоқсанда № 3392 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы" Заңының 27, 37-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9987 болып тіркелген) бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімінің өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 4-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылатын ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін арзандатуға, шаруа (фермерлік) жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеу бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері;
      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылатын ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін арзандатуға, шаруа (фермерлік) жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеу бағыттары бойынша субсидиялар өлшемдері мен талаптары бекітілсін.
      2. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 57 "Мал шаруашылығы саласын субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3149 болып тіркелген, 2015 жылы 21 сәуірдегі "Атырау" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов

  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "11" желтоқсандағы № 366 қаулысына 1–қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "11" желтоқсандағы № 366 қаулысымен бекітілген

      Жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылатын ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін арзандатуға, шаруа (фермерлік) жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеу бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері


Субсидиялау бағыты
1 басқа субсидия нормативі, теңге
1
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарды 100%-ға дейін өтеу
4471 теңгеге дейін
2
Жеке қосалқы шаруашылықтарда қой малының аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарды 100%-ға дейін өтеу
854 теңгеге дейін
3
Ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін арзандату
3.1
сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы
59 887 теңгеге дейін
3.2
ет бағытындағы асыл тұқымды және тұқымдық түрлендірулермен қамтылған ірі қара малдың аналық басы
31 101 теңгеге дейін
3.3
асыл тұқымды және тұқымдық түрлендірулермен қамтылған аналық қой басы
2 877 теңгеге дейін
3.4
сүт бағытындағы аналық ешкі басы
29 640 теңгеге дейін
3.5
асыл тұқымды жылқылар
5 046 теңгеге дейін
3.6
асыл тұқымды түйелер
7 092 теңгеге дейін

  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "11" желтоқсандағы № 366 қаулысына 2–қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "11" желтоқсандағы № 366 қаулысымен бекітілген

      Жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылатын ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін арзандатуға, шаруа (фермерлік) жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеу бағыттары бойынша субсидиялар өлшемдері мен талаптары


Субсидиялау бағыты
Өлшемдер мен талаптар
1
қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
1. Зоотехникалық және ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес келетін және жарақталған қолдан ұрықтандыру пункттерінің болуы;
2. Арнайы дайындық курстарынан өткен, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінің тізілімінде тіркелген техник-ұрықтандырушылардың болуы.
2
Ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларды дайындау және сатып алу бойынша шығындарды 100%-ға дейін арзандату
 
сүт бағытындағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдың аналық басы
1. ағымдағы жылғы 1 қаңтардан меншігінде сиыр мен қашарлардың (2 жастан ересек) аналығы 300 бастан, орташа жылдық сауын сиыр 240 бас, бір сиырдан орташа сауым 2500 кг кем емес;
2. малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру және ақпараттық талдамалық жүйе базасында тіркеу;
3. ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу
 
ет бағытындағы асыл тұқымды және тұқымдық түрлендірулермен қамтылған мүйізді ірі қара малдың аналық басы
1. мүйізді ірі қара аналық мал басының тұқымдық түрлендіруге қатысуы;
2. ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігінде сиыр мен қашарлардың (2 жастан ересек) аналығы 30 бастан кем емес болуы;
3. малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малын сәйкестендіру және ақпараттық талдамалық жүйе базасында тіркеу;
4. ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу
асыл тұқымды және тұқымдық түрлендірулермен қамтылған аналық қой басы
1. тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойлар;
2. ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі қойдың аналық басы 300 – ден кем емес болуы;
3. қойларды күтіп-бағуға арналған қора-жайлардың болуы;
4. малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малын сәйкестендіру және ақпараттық талдамалық жүйе базасында тіркеу;
5. ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу
сүт бағытындағы аналық ешкі басы
1. ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі ешкінің аналық басы 300 – ден кем емес болуы;
2. ешкіні күтіп-бағуға арналған қора-жайлардың болуы;
3. малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малын сәйкестендіру базасында тіркеу;
4. ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
асыл тұқымды жылқылар
1. ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі жылқының 75 бастан кем емес болуы;
2. малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малын сәйкестендіру базасында тіркеу;
3. ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс- шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру және зоотехникалық есепті жүргізу
асыл тұқымды түйелер
1. ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі түйенің 75 бастан кем емес болуы;
2. малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малын сәйкестендіру базасында тіркеу;
3. ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу