1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың XXXХ сессиясының төрағасы |
А. Сапаров |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың хатшысы |
Қ. Едіресов |
Облыстық мәслихаттың XXXX сессиясының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 40/6 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері
1. Төлемақы мөлшерлемелері тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерін негізге ала отырып айқындалады.2. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардын шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есеп көрсеткіші) |
1 | 2 | 3 |
1. | Көмірсутектер | 44,6 |
2. | Көміртегі тотықтары | 14,6 |
3. | Метан | 0,8 |
4. | Күкірт диоксиды | 200 |
5. | Азот диоксиды | 200 |
6. | Күл | 240 |
7. | Күкіртті сутегі | 1240 |
8. | Меркаптан | 199320 |
4. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Отын түрлері | Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1 | Этилденбеген бензин үшін | 0,66 |
2 | Дизель отыны үшін | 0,9 |
3 | Сұйытылған, сығылған газ үшін | 0,48 |
5. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
6. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
6-1. Күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемесі бір тонна үшін 7,54 АЕК-ті құрайды.
7. Мынадай коэффициенттер:
1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссия көлемі үшін табиғи монополиялар субъектілеріне және Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары төлемақы мөлшерлемелеріне:
2-тармақта - 0,3 коэффициенті;
5-тармақта - 0,43 коэффициенті;
6-тармақтың 1.3.3.-жолында - 0,05 коэффициенті;
2) түрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналатын тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі үшін коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар 6-тармақтың 1.1.-жолында белгіленген төлемақы мөлшерлемесіне 0,2 коэффиценті қолданылады.
8. Осы шешімнің 7-тармағында көзделген коэффициенттер қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемі үшін төленетін төлемақыға қолданылмайды.
9. Экологиялық рұқсатсыз, сондай-ақ белгіленген нормативтерден тыс қоршаған эмиссиялар үшін осы шешімде белгіленген мөлшерлемелер қолданылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 28.03.2017 № 13/3 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).