"Алматы қаласы Туризм басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі атауын өзгерту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 08 желтоқсандағы № 4/653 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 желтоқсанда № 1240 болып тіркелді

Жаңартылған
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 4/605 "Алматы қаласының мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Алматы қаласы Туризм басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" (бұдан әрі - Басқарма) коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
      2. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 30.01.2017 № 1/32 қаулысымен (әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1) Алматы қаласының әділет органдарында Басқарманың қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы осы қаулыдан туындайтын қажетті іс-шараларды жүргізсін.
      5. Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 2/409 "Алматы қаласы Туризм басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 28 шілдедегі № 1182 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде 2015 жылғы 4 тамызда жарияланған).
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р.Тауфиковке жүктелсін.
      7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 4/653 қаулысымен бекітілген

"Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар
басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 30.01.2017 № 1/32 қаулысымен (әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).