"Алматы қаласы Туризм басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі атауын өзгерту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 08 желтоқсандағы № 4/653 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 желтоқсанда № 1240 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 4/605 «Алматы қаласының мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» (бұдан әрі - Басқарма) коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
      2. Қоса беріліп отырған «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      3. Басқарма заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) Алматы қаласының әділет органдарында Басқарманың қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы осы қаулыдан туындайтын қажетті іс-шараларды жүргізсін.
      5. Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 2/409 «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 28 шілдедегі № 1182 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде 2015 жылғы 4 тамызда жарияланған).
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р.Тауфиковке жүктелсін.
      7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі          Б. Байбек

Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 4/653 қаулысымен бекітілген

«Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар
басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже 1. Жалпы ережелер

      1. «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Алматы қаласының аумағында туризм және сыртқы байланыстар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.
      2. «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауында мынадай ведомствосы бар:
      Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № 1/111 «Алматы қаласы Туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысымен құрылған «Алматы қаласы Туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      3. «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес атқарады.
      4. «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысаны коммуналдық мемлекеттік мекеме түріндегі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабаны, белгіленген тәртіптегі бланкісі, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қазынашылық органдарында есепшоты бар.
      5. «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
      6. «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамаға сәйкес оған уәкілеттігі болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы ретінде әрекет етуге құқығы бар.
      7. «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзінің құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 83.
      10. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің толық атауы:
      мемлекеттік тілде: «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Управление туризма и внешних связей города Алматы».
      11. Осы Ереже «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
      14. Егер «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар
басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
мен міндеттері

      15. Қазақстан Республикасының «Туристік қызмет туралы» Заңының 12 бабының 1) тармағына сәйкес «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы – Алматы қаласының аумағында туристік қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және туристік қызметті үйлестіру жұмыстарын жүзеге асыру.
      16. «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының «Туристік қызмет туралы» Заңымен былайша белгіленген:
      1) сыртқы экономикалық қызмет және халықаралық байланыстарды дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
      2) туристік қызметті кадрлық қамтамасыз етуге қолдау көрсету;
      3) отандық туристердің, туроператорлардың және турагенттер мен олардың бірлестіктерінің халықаралық туристік бағдарламаларға қатысуына жәрдемдесу;
      4) ішкі және дүниежүзілік туристік нарықтарда туристік өнімді ілгерілетуге жәрдемдесу;
      5) елдің туристік ресурстарын қорғауды және есепке алуды, ұтымды және тиімді қолданылуын қамтасыз ету;
      6) туризмді және туристік индустрияны дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында туризмді дамыту жоспарларын әзірлеу;
      7) туризмді дамытуға арналған қалалық бағдарламаларды орындауға бағытталған іс-шараларды іске асыру;
      8) уәкілетті органға тоқсан сайын туристік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік тізілімге қосылған тұлғалар туралы ақпарат беру:
      туристік бағыттар мен соқпақ жолдарының мемлекеттік тізілімі;
      9) туристік қызметтер нарығын талдау және уәкілетті органға Алматы қаласының аумағында туризмді дамыту туралы қажетті мәліметтерді беру;
      10) Алматы қаласының туристік ресурстарын қорғау бойынша шараларды әзірлеу және енгізу;
      11) Алматы қаласы аумағында туристік индустрия нысандарын жоспарлау және құрылысын жүргізу бойынша қызметті үйлестіру;
      12) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктері мен өзіндік туризмді дамыту қызметіне қолдау көрсету;
      13) туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде туристік қызмет субъектілеріне әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;
      14) тұрғындарды жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласында кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;
      15) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм нысандары және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген жергілікті мемлекеттік басқару мүддесі үшін өзге де құзыретті жүзеге асыру.
      «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»«Мемлекеттік мүлік туралы»,  «Әкімшілік рәсімдер туралы»Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 7 «Қазақстан Республикасында 2006 – 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009 – 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес белгіленеді:
      1) Алматы қаласы әкімдігінің халықаралық ынтымақтастықты ұйымдық қамтамасыз етуіне қатысу;
      2) «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлері қызметінің тиімділігіне баға беру;
      3) «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің бағыты бойынша оның жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру;
      4) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелерге қатысты басқару органының функциясын жүзеге асыру;
      5) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдарға (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысты әкімдіктің атынан мемлекеттің акционер (қатысушы) ретінде құқығын жүзеге асыру, онда бірден-бір акционер (қатысушы) мемлекет болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) тиісті директорлар кеңесінің (бабықлаушы кеңес) құрамына өзінің өкілін тағайындау, ал басқа мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысында директорлар кеңесі немесе бақылау кеңесінің құрамына кандидатурасын бекітуге ұсыну;
      6) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың және коммуналдық мемлекеттік мекемелердің даму жоспарлары мен олардың орындалуы бойынша есептерін қарау, келісу және бекіту;
      7) мемлекет бақылайтын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың және коммуналдық мемлекеттік мекемелердің, акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;
      8) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар және коммуналдық мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыру;
      9) өзіне оралымды басқаруға берілген коммуналдық мүлікті иелену және пайдалану құқығын (өкімсіз) жүзеге асыру;
      10) гендерлік саясатты іске асыру;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Алматы қаласының әкімі жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. «Алматы қаласы Туристік ақпараттық орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының «Туристік қызмет туралы» Заңымен белгіленген:
      1) Қазақстан және оның туристік әлеуеті туралы ақпаратты қалыптастыру және тарату;
      2) туристік өнімді халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде ілгерілету;
      3) Алматы қаласы аумағында туристік қызмет саласында жаңа кәсіпкерлік субъектілерін және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді дамытуға жағдай жасау.
      «Алматы қаласы Туристік ақпараттық орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының «Туристік қызмет туралы» Заңының 14 бабына сәйкес белгіленген:
      1) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;
      2) туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм нысандары және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру;
      3) уақытша болатын елге (орын) келу, сонымен қатар уақытша болатын елден кету ережелері туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрі, діни салттары, қасиетті жерлері, табиғат ескерткіштері, тарихы, мәдениеті және ерекше қорғаудағы өзге де туристік көрсету нысандары, қоршаған орта жағдайы туралы қажетті дәлелді және ақпаратты ұсыну;
      4) шетелдік туристерге құқықтық және өзге де көмек түрлерін алуға жәрдемдесу;
      5) туристік операторлар және бұқаралық ақпарат өкілдері үшін жарнамалық турларды ұйымдастыру және өткізу;
      6) әуежайда, теміржол және авто бекеттері ғимараттарында, және өзге жерлерде үнемі жаңартылатын туристік мәліметтермен бірге ақпараттық пункттерді (бағандар, стеллаждар) ұйымдастыру;
      7) барлық қажетті ақпараты бар веб-сайтты ашу және қолдау;
      8) теледидарда, бұқаралық ақпарат құралдарында, билбордтарда және т.б жарнама беру.
      18. «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының «Туристік қызмет туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 126 бабымен белгіленген:
      1) белгіленген тәртіпте Алматы қаласының мүдделерін республикалық, өңіраралық және басқа да туристік іс-шараларда білдіру;
      2) «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша келіссөздер жүргізу және халықаралық ұйымдар мен шетелдік заңды тұлғалармен келісімдер жасасу;
      3) Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларын, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын және қалалық туризмді дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
      4) кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктіліктерін арттыру бағдарламаларын бекіту және үйлестіру, олардың қызметтерін әдістемелік қамтамасыз ету, туризм жөніндегі мамандармен симпозиумдар, конференциялар, семинарлар, оқыту формаларын және тәжірибе алмасуды ұйымдастыру;
      5) қалалық туристік іс-шараларды өткізу, республикалық іс-шараларға қатысу, сондай-ақ халықаралық туристік іс-шаралар өткізуге жәрдемдесу;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар
басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қызметін ұйымдастыру

      19. «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функциясын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      20. «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Алматы қаласы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      21. «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      22. Бірінші басшының өкілеттігі:
      1) «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, басқарады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз фукнцияларын жүзеге асыруына дербес жауап береді;
      2) «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшылары мен орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      3) «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға қарсы бағытталған шаралар қабылдайды және осы шаралардың қолға алынуына дербес жауап береді;
      4) заңнамаға сәйкес «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
      5) заңнамада белгіленген тәртіпте «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін көтермелейді, тәртіптік жаза қолданады;
      6) өз өкілеттігі шегінде бұйрықтар шығарады;
      7) «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
      8) Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілі ретінде іс-әрекет етеді;
      9) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      23. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар
басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      24. «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қосқанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар
басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта
құру және тарату

      27. «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.