Алматы қаласында азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламентін бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 4/646 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 желтоқсанда № 1239 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостилдеу мәселелері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа алып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бекітілсін:
      1) «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
      2) «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
      3) «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру»;
      4) «Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
      5) «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
      6) «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру»;
      7) «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
      8) «Бала (қыз) асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
      9) «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
      2. Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы «Алматы қаласында азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламентін бекіту туралы» қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы М. Сембековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі              Б. Байбек

Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 4/646 қаулысымен бекітілді

«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал
актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар
мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін
қызметінің регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Алматы қаласы әкімдігінің аудандар әкімдері аппараттарының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетіледі.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін ұсыну баламалы түрде:
      1)көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
      3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес беріледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:
      жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен туу туралы қайталама куәлік.
      Порталда көрсетілетін қызметті алушының «Жеке кабинетіне» қызметті көрсетушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің берілу күнінің белгіленуі туралы хабарлама жолданады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 7 тармағына сәйкес жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы/тегін түрде көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, Стандарттың 1 немесе 2 қосымшасына сәйкес өтініші негіз болып табылады.
      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі рәсімдер (іс-қимылдар):
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің өтінішті тіркеуі және көрсетілетін қызметті берушінің қарауына жолдауы, 20 (жиырма) минуттың ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарауы, бұрыштама қоюы (тапсырма және орындау мерзімі) және қарау үшін жауапты орындаушыға жолдауы, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      3) жауапты орындаушының ұсынылған құжаттардың толықтығы мен Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне тексеруі және талдауы: тууды тіркеу туралы өтініш – 1 (бір) жұмыс күні ішінде; баланың туған күнінен бастап екі ай мерзім өткеннен кейін, баланың тууын тіркеген жағдайда күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде; азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш – 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде;
      4) жауапты орындаушының «Азаматтық хал актілерін жазу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – Ақпараттық жүйе) акт жазбасын толтыруы, тіркеуді жүзеге асыруы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындауы, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдауы, 3 (үш) сағаттың ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қоюы, елтаңбалы мөр басуы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдауы, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ХҚКО-на беруі, 20 (жиырма) минут ішінде.
      9. Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
      10. Келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
      1) тіркелген өтініш;
      2) бұрыштама және орындауға жолдау;
      3) қаралған құжаттар;
      4) ақпараттық жүйесіне енгізілген жазба және толтырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
      5) қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
      6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру немесе ХҚКО-на болмаса көрсетілетін қызметті берушіге жолдау.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы.
      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің үдерісінде рәсімдердің келесі реттілігі жүзеге асырылады:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті және қоса берілген құжаттарды қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қарауына жолдайды, 20 (жиырма) минуттың ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды, бұрыштама қояды (тапсырма және орындау мерзімі) және жауапты орындаушыға жолдайды, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексереді және талдайды: тууды тіркеу туралы өтінішті қарау – 1 (бір) жұмыс күні ішінде; баланың туған күнінен бастап екі ай мерзім өткеннен кейін, баланың тууын тіркеген жағдайда 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде; азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтінішті қарау – 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде;
      4) ұсынылған құжаттарды тексеруден және талдаудан кейін жауапты орындаушы ақпараттық жүйеге актінің жазбасын енгізеді, тіркеуді жүзеге асырады, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қол қоюына жолдайды, 3 (үш) сағат ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды, елтаңбалы мөр басады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді, немесе ХҚКО-ның қызметкеріне жолдайды, 20 (жиырма) минут ішінде.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара
іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет
көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану
тәртібінің сипаттамасы

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті құжаттарды ХҚКО арқылы қабылдағанда, ХҚКО қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, 15 (он бес) минуттан аспайды.
      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда ХҚКО-ның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3 қосымшасындағы нысанға сәйкес өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Қабылданған құжаттаркөрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолданады.
      Қызмет беруші құжаттардың толықтығын және заңнамаға сәйкестігін қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін әзірлейді және ХҚКО-на жолдайды, тууды тіркеу туралы өтінішті қарау – 1 (бір) жұмыс күні ішінде, баланың туған күнінен бастап екі ай мерзім өткеннен кейін, баланың тууын тіркеген жағдайда күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде; азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтінішті қарау – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде.
      14. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы қажетті құжаттарды қабылдаған кезде қағаз түріндегі құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі қойылады, 20 (жиырма) минуттан аспайды.
      Қабылданған құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолданады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы арқылы (немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) жүзеге асырады, 20 (жиырма) минут ішінде.
      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы беру кезіндегі әрбір іс-қимыл мен шешімдер осы Регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген.
      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуді компьютердің интернет-браузеріне сақталған өзінің электрондық цифрлық қолтаңба тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады;
      2) 1 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузеріне бекітуі, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталға парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі);
      3) 1 шарт – электрондық үкіметінің порталында логин, жеке сәйкестендіру нөмірі және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
      4) 2 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты, порталда авторизациялаудан бас тарту хабарламасын қалыптастыру;
      5) 3 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының www.egov.kz порталынан осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттардың электрондық нұсқасын тіркей отырып, оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізу);
      6) 4 үдеріс – сұрауды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасын тіркеу куәлігін таңдауы;
      7) 2 шарт – порталда электрондық цифрлік қолтаңбаны тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сауалда және электрондық цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі арасындағы сәйкестендірме деректерге сәйкес келуін тексеру;
      8) 5 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы көмегімен сауалдың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);
      10) 7 үдеріс – ақпараттық жүйесінде электрондық құжатты (тұтынушының сауалын) тіркеу;
      11) 3 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеруі;
      12) 8 үдеріс – құжаттардың толық болмауына немесе Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келмеуіне байланысты сұралған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      13) 9 үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен орны туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының алуы.
      16. Ақпараттық жүйелердің функциялық әрекеттестігінің диаграммасында, үдеріс кезіндегі қызмет атқару тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес келтірілген.
      17. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процесстерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурсында орналастырылады.

«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық
хал актілерінің жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1 қосымша

«Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік
қызмет көрсетудің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық
хал актілерінің жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2 қосымша

«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал
актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар
мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің бизнес-процесс анықтамалығы

1)көрсетілетін қызметті беруші арқылы

2) ХҚКО арқылы

3) Портал арқылы

Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 4/646 қаулысымен бекітілді

«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Алматы қаласы әкімдігінің аудандар әкімдері аппараттарының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетіледі.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін ұсыну баламалы түрде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес беріледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:
      жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен, қайталама неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап.
      Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» қызметті көрсетушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің берілу күнін белгілеуі туралы хабарлама немесе электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолданады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 7 тармағына сәйкес жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, Стандарттың 1 немесе 2 қосымшасына сәйкес өтініші негіздеме болып табылады.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі рәсімдер (іс-қимылдар):
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің өтінішті тіркеуі және көрсетілетін қызметті берушінің қарауына жолдауы, 20 (жиырма) минуттың ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарауы, бұрыштама қоюы (тапсырма және орындау мерзімі) және қарау үшін жауапты орындаушыға жолдауы, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      3) жауапты орындаушының ұсынылған құжаттардың толықтығы мен Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне тексеруі және талдауы: неке қию туралы өтініш – 1 (бір) жұмыс күні ішінде; азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірушілердің көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін жүргізіледі. Стандарттың 10 тармағында көрсетілген жағдайларда – бас тарту туралы дәлелді жауап әзірлеу, 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      4) жауапты орындаушының көрсетілетін қызметті алушымен келісе отырып, неке қиюды мемлекеттік тіркеу күнін белгілеу (неке қиюды тіркеу туралы өтінішті қарау кезінде). Өтініш порталы арқылы түскен жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу күнін белгілеу туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жолданады, 20 (жиырма) минут ішінде;
      5) жауапты орындаушының «Азаматтық хал актілерін жазу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) акт жазбасын қалыптастыруы, және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындауы, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдауы, 3 (үш) сағаттың ішінде;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы және жауапты орындаушыға жолдауы, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      7) жауапты орындаушының салтанатты жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу рәсімін өткізуі және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға тапсыруы, 20 (жиырма) минуттан аспайды.
      8. Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
      9. Келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
      1) тіркелген өтініш;
      2) бұрыштама және орындауға жолдау;
      3) қаралған құжаттар;
      4) неке қиюды тіркеу күнін белгілеу;
      5) ақпараттық жүйесіне енгізілген жазба және толтырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
      6) қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
      7) неке қиюды мемлекеттік тіркеу рәсімін өткізу және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға тапсыру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы.
      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде рәсімдердің келесі реттілігі жүзеге асырылады:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті және қоса берілген құжаттарды қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қарауына жолдайды, 20 (жиырма) минуттың ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды, бұрыштама қояды (тапсырма және орындау мерзімі) және жауапты орындаушыға жолдайды, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексереді және талдайды: неке қиюды тіркеу туралы өтінішті қарау кезінде – 1 (бір) жұмыс күні ішінде; азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтінішті қарау кезінде – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірушілердің көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін жүргізіледі. Стандарттың 10 тармағында көрсетілген жағдайларда жауапты орындаушы бас тарту туралы дәлелді жауап әзірлейді, 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      4) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушымен келісе отырып неке қиюды мемлекеттік тіркеу күнін белгілейді (неке қиюды тіркеу туралы өтінішті қарау кезінде). Өтініш портал арқылы түскен жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу күнін белгілеу туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жолданады, 20 (жиырма) минут ішінде;
      5) ұсынылған құжаттарды тексеруден және талдаудан кейін жауапты орындаушы ақпараттық жүйесіне акт жазбасын енгізеді, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қол қоюына жолдайды, 3 (үш) сағат ішінде;
      6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және жауапты орындаушыға жолдайды, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      7) жауапты орындаушы белгіленген күні көрсетілетін қызметті алушылардың қатысуымен неке қиюды мемлекеттік тіркеу рәсімін өтізеді және көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тапсырады, 20 (жиырма) минуттан аспайды.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы беру кезіндегі әрбір іс-қимыл мен шешімдер:
      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуді компьютердің интернет-браузеріне сақталған өзінің электрондық цифрлық қолтаңбаны тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады;
      2) 1 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузеріне бекітуі, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталға парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі);
      3) 1 шарт – электрондық үкіметтің порталында логин, жеке сәйкестендіру нөмірі және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
      4) 2 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты, порталда авторизациялаудан бас тарту хабарламасын қалыптастыру;
      5) 3 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының www.egov.kz порталынан осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттардың электрондық нұсқасын тіркей отырып, оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізу);
      6) 4 үдеріс – сұрауды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасын тіркеу куәлігін таңдауы;
      7) 2 шарт – порталда электрондық цифрлық қолтаңбаны тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сауалда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірінің және электрондық цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігінде көрсетілген Жеке сәйкестендіру нөмірі арасындағы сәйкестендірме деректерге сәйкес келуін тексеру;
      8) 5 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы көмегімен сауалдың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);
      10) 7 үдеріс – ақпараттық жүйеде электрондық құжатты (тұтынушының сауалын) тіркеу;
      11) 3 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеруі;
      12) 8 үдеріс – құжаттардың толық болмауына немесе Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келмеуіне байланысты сұралған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      13) 9 үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен орны туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының алуы.
      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің үдеріс кезіндегі ақпараттық жүйелердің фукнционалдық әрекеттестігінің үдерісі кезіндегі диаграммасы 1 қосымшасында көрсетілген.
      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процесстерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурсында орналастырылады.

«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал актілерінің
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен
түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1 қосымша

портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал актілерінің
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен
түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2 қосымша

«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің бизнес-процессінің анықтамалығы

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы

2) портал арқылы

Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 4/646 қаулысымен бекітілді

«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама
куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік
қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Алматы қаласы әкімдігінің аудандар әкімдері аппараттарының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетіледі.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін ұсыну баламалы түрде:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
      2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Шетелден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар талап етілгенде көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасау қажет
      2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес беріледі.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
      4. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
      1) ХҚКО-да – қағаз жеткізгіштегі қайталама куәлік немесе электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар;
      2) порталда – қайталама куәлік алғанда электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама;
      Электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар алу.
      5. Мемлекеттік қызмет нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
      Мемлекеттік қызмет Стандарттың 7 тармағына сәйкес жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы/тегін түрде көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы
тәртібінің сипаттамасы

      6. Мемлекеттік қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсына отырып Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес өтініш негіздеме болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет процесіндегі рәсімдер (іс-қимылдар):
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің өтінішті тіркеуі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қарауына жолдауы, 15 (он бес) минуттың ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарауы, бұрыштама қоюы (тапсырма және орындау мерзімі) және қарау үшін жауапты орындаушыға жолдауы, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      3) жауапты орындаушының ұсынылған құжаттардың толықтығы мен Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексеруі және талдауы:
      4) жауапты орындаушының ақпараттық жүйесіне акт жазбасын қалыптастыруы, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындауы және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдауы қол қоюы үшін жолдауы, 3 (үш) сағаттың ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдауы, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ХҚКО-на немесе порталға жолдауы, 15 (он бес) минут ішінде.
      8. Келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
      1) тіркелген өтініш;
      2) бұрыштама және орындауға жолдау;
      3) қаралған құжаттар;
      4) ақпараттық жүйесіне енгізілген жазба және толтырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
      5) қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
      6) мемлекеттік қызмет ХҚКО-на немесе порталға жолданған нәтижесі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      9. Мемлекеттік қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы.
      10. Мемлекеттік қызмет үдерісінде рәсімдердің келесі реттілігі жүзеге асырылады:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті және қоса берілген құжаттарды қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қарауына жолдайды, 15 (он бес) минуттың ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды, бұрыштама қояды (тапсырма және орындау мерзімі) және жауапты орындаушыға жолдайды, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексереді және талдайды:
      азаматтық хал актілері 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кезде, ақпараттық жүйе қызмет еткен сәтінен бастап анықтамаларды электрондық форматта беру – 2 (екі) сағат ішінде;
      ақпараттық жүйесінде акт жазбаларының электронды нұсқасы болған жағдайда және тіркеуші органның мұрағатында азаматтық хал актісі болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы арқылы осы стандарттың 9 тармағымен бекітілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде, егер басқа мемлекеттік органға сұрау жолдау қажет болса, қарау мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін ұзартылады;
      азаматтық хал актісін басқа тіркеуші органда тіркеген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;
      4) ұсынылған құжаттарды тексеруден және талдаудан кейін жауапты орындаушы ақпараттық жүйеге акт жазбасын енгізеді, мемлекеттік қызмет нәтижесін әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қол қоюына жолдайды, 3 (үш) сағат ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметтің нәтижесін ХҚКО-на немесе порталға жолдайды, 15 (он бес) минут ішінде.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара
іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет
көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану
тәртібінің сипаттамасы

      11. Мемлекеттік қызметке қажетті құжаттарды ХҚКО арқылы қабылдағанда ХҚКО-ның қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, 15 (он бес) минуттан аспайды.
      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда ХҚКО-ның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3 қосымшасындағы нысанға сәйкес өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Қабылданған құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолданады.
      Қызмет беруші құжаттардың толықтығын және заңнамаға сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін әзірлейді және ХҚКО-на жолдайды.
      Мемлекеттік қызмет нәтижесін беруді ХҚКО-ның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы арқылы (немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) қолхат негізінде жүзеге асырады.
      12. Мемлекеттік қызметті портал арқылы беру кезіндегі әрбір іс-қимыл мен шешімдер:
      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуді компьютердің интернет-браузеріне сақталған өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады;
      2) 1 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузеріне бекітуі, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі);
      3) 1 шарт – электронды үкіметтің порталында логин, жеке сәйкестендіру нөмірі және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
      4) 2 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты, порталда авторизациялаудан бас тарту хабарламасын қалыптастыру;
      5) 3 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының www.egov.kz порталында осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттардың электрондық нұсқасын тіркей отырып, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізу);
      6) 4 үдеріс – сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасын тіркеу куәлігін таңдауы;
      7) 2 шарт – электрондық үкіметтің порталында электрондық цифрлық қолтаңбаны тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұраныста көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі және электрондық цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі арасындағы сәйкестендіру деректеріне сәйкес келуін тексеру;
      8) 5 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлік қолтаңбасы көмегімен сұраныстың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);
      10) 7 үдеріс – ақпараттық жүйесінде электрондық құжатты (тұтынушының сұранысын) тіркеу;
      11) 3 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеруі;
      12) 8 үдеріс – құжаттардың толық болмауына немесе Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келмеуіне байланысты сұраныс жасалған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      13) 9 үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған мемлекеттік қызмет нәтижесін алу уақыты мен орны туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының алуы.
      13. Мемлекеттік қызметтер үдерісіндегі ақпараттық жүйелердей функционалдық өзара әрекеттестігінің диаграммасы осы Регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген.
      14. Мемлекеттік қызмет процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2-ші қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметтің бизнес-процесстерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурсында орналастырылады.

«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы
қайталама куәліктер немесе анықтамалар
беру» Мемлекеттік қызмет Регламентіне
1 қосымша

«Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет
көрсетудің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы
қайталама куәліктер немесе анықтамалар
беру» Мемлекеттік қызмет Регламентіне
2 қосымша

«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама
куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік
қызметтің бизнес-процесс анықтамалығы

1) ХҚКО арқылы:

2) портал арқылы:

Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 4/646 қаулысымен бекітілді

«Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық
хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар
мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. «Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласы әкімдігінің аудандар әкімдері аппараттарының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады;
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген «Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде беріледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – қағаз тасымалдағыштағы әке болуды анықтау туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен әке болуды анықтау туралы қайталама куәлік.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 7 тармағына сәйкес жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы/тегін түрде көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы
тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, Стандарттың 1 – 4 қосымшаларына сәйкес өтініші негіз болып табылады.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі рәсімдер (іс-қимылдар):
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің өтінішті тіркеуі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауына жолдауы, 20 (жиырма) минуттың ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарауы, бұрыштама қоюы (тапсырма және орындау мерзімі) және қарау үшін жауапты орындаушыға жолдауы, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      3) жауапты орындаушының ұсынылған құжаттардың толықтығы мен Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексеруі және талдауы: Әке болуды анықтауды тіркеу туралы өтініш – 1 (бір) жұмыс күні ішінде; азаматтық хал актінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
      4) жауапты орындаушының «Азаматтық хал актілерін жазу» тіркеу пункт» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) акт жазбасын қалыптастыруы, тіркеуді жүзеге асыруы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындауы, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюына жолдауы, 3 (үш) сағаттың ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдауы, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруі немесе ХҚКО-на жолдауы, 20 (жиырма) минут ішінде.
      8. Стандарттың 9 тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, сондай-ақ басқада мемлекеттік органдарға сұраныс жасау қажет болған кезде, қарау мерзімінің ұзартылған сәттен бастап, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, қызмет көрсету мерзімі күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
      9. Келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
      1) тіркелген өтініш;
      2) бұрыштама және орындауға жолдау;
      3) қаралған құжаттар;
      4) ақпараттық жүйесіне енгізілген жазба және толтырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
      5) қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
      6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру немесе қазмет берушіге жолдау.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы.
      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде рәсімдердің келесі реттілігі жүзеге асырылады:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті және қоса берілген құжаттарды қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қарауына жолдайды, 20 (жиырма) минуттың ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды, бұрыштама қояды (тапсырма және орындау мерзімі) және жауапты орындаушыға жолдайды, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексереді және талдайды әке болуды анықтауды тіркеу туралы өтінішті қарау кезінде – 1 (бір) жұмыс күні ішінде азаматтық хал актінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтінішті қарау – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
      4) ұсынылған құжаттарды тексеруден және талдаудан кейін жауапты орындаушы ақпараттық жүйеге акт жазбасын енгізеді, тіркеуді жүзеге асырады, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қол қоюына жолдайды, 3 (үш) сағат ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді, 20 (жиырма) минут ішінде.
      12. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсеті процессіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары кезектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес–процесстерінің анықмалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процесстерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурсында орналастырылады.

«Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 2 қосымша

«Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық
хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар
мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің бизнес-процесс анықтамалығы

1) Көрсетілетін қызметті беруші арқылы:

Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 4/646 қаулысымен бекітілді

«Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына
өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласы әкімдігінің аудандар әкімдері аппараттарының азаматтық жағдай актілерін тіркеу бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну баламалы түрде:
      1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
      3) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес беріледі.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:
      жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде, қағаз тасымалдағышында атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қайталама куәлік.
      Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында электрондық өтінішті және атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді тіркеу күнін белгілеуді қабылдау туралы хабарлама жолданады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 7 тармағына сәйкес жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, Стандарттың 1 немесе 2 қосымшаларына сәйкес өтініші негіз болып табылады.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі рәсімдер (іс-қимылдар):
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің өтінішті тіркеуі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қарауына жолдауы, 20 (жиырма) минуттың ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарауы, бұрыштама қоюы (тапсырма және орындау мерзімі) және қарау үшін жауапты орындаушыға жолдауы, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      3) жауапты орындаушының ұсынылған құжаттардың толықтығы мен Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексеруі және талдауы, күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде, Стандарттың 9 тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған шақта, басқада мемлекеттік органдарға сұраныс жасау қажет болған кезде, қарау мерзімінің ұзартылған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
      4) жауапты орындаушының «Азаматтық хал актілерін жазу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) акт жазбасын қалыптастыруы, тіркеуді жүзеге асыруы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындауы, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдауы, 3 (үш) сағаттың ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдауы, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруі, болмаса ХҚКО-на немесе көрсетілетін қызметті берушіге жолдауы, 20 (жиырма) минут ішінде.
      8. Келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
      1) тіркелген өтініш;
      2) бұрыштама және орындауға жолдау;
      3) қаралған құжаттар;
      4) ақпараттық жүйесіне енгізілген жазба және толтырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
      5) қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
      6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін көрсетілетін қызметті алушыға беру немесе ХҚКО-на немесе көрсетілетін қызметті берушіге жолдау.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы.
      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде рәсімдердің келесі реттілігі жүзеге асырылады:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті және қоса берілген құжаттарды қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қарауына жолдайды, 20 (жиырма) минуттың ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды, бұрыштама қояды (тапсырма және орындау мерзімі) және жауапты орындаушыға жолдайды, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкестігін тексереді және талдайды, күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде, Стандарттың 9 тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде, қарау мерзімінің ұзартылған сәттен бастап, көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
      4) ұсынылған құжаттарды тексеруден және талдаудан кейін жауапты орындаушы ақпараттық жүйесіне акт жазбасын енгізеді, тіркеуді жүзеге асырады, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қол қоюына жолдайды, 3 (үш) сағат ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді немесе ХҚКО-ның қызметкеріне жолдайды, 20 (жиырма) минут ішінде.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара
іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет
көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану
тәртібінің сипаттамасы

      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қажетті құжаттарды ХҚКО арқылы қабылдағанда ХҚКО-ның қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін Көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, 15 (он бес) минуттан аспайды.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда ХҚКО-ның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3 қосымшасындағы нысанға сәйкес өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Қабылданған құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолданады.
      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың толықтығын және заңнамаға сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін әзірлейді және ХҚКО-на жолдайды, күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруді ХҚКО қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы арқылы (немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) қолхат негізінде жүзеге асырады.
      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы беру кезіндегі әрбір іс-қимыл мен шешімдер Регламенттің қосымшасында көрсетілген:
      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуді компьютердің интернет-браузеріне сақталған өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады;
      2) 1 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузеріне бекітуі, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталда парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі);
      3) 1 шарт – электрондық үкіметтің порталында логин, жеке сәйкестендіру нөмірі және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
      4) 2 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты, порталда авторизациялаудан бас тарту хабарламасын қалыптастыру;
      5) 3 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының www.egov.kz порталында осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттардың электрондық нұсқасын тіркей отырып, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізу);
      6) 4 үдеріс – сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасын тіркеу куәлігін таңдауы;
      7) 2 шарт – электрондық үкіметтің порталында электрондық цифрлық қолтаңбаны тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұраныста көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі және электрондық цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігінде көрсетілген. Жеке сәйкестендіру нөмірі арасындағы сәйкестендіру деректеріне сәйкес келуін тексеру;
      8) 5 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы көмегімен сұраныстың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);
      10) 7 үдеріс – ақпараттық жүйесінде электрондық құжатты (тұтынушының сұранысын) тіркеу;
      11) 3 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеруі;
      12) 8 үдеріс – құжаттардың толық болмауына немесе Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келмеуіне байланысты сұраныс жасалған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      13) 9 үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу уақыты мен орны туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының алуы.
      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіндегі ақпараттық жүйелерде функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес көрсетілген.
      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметтің көрсету бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

«Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына
өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентіне
1 қосымша

«Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік
қызмет көрсетудің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

«Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына
өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентіне
2 қосымша

«Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына
өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
бизнес-процесс анықтамалығы

1) Көрсетілетін қызметті беруші арқылы:

2) ХҚКО арқылы

3) портал арқылы

Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 4/646 қаулысымен бекітілді

«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласы әкімдігінің аудандар әкімдері аппараттарының азаматтық жағдай актілерін тіркеу бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті нәтижесін ұсыну баламалы түрде:
      1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде беріледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны - қағаз түрінде.
      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - қағаз жеткізгіште азаматтық хал актісінің тіркелуі туралы куәлік.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 7 тармағына сәйкес жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы/тегін түрде көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсына отырып Стандарттың 1 немесе 2 қосымшаларына сәйкес өтініші негіз болып табылады.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі рәсімдер (іс-қимылдар):
      1) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкерінің өтінішті тіркеуі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қарауына жолдауы, 20 (жиырма) минуттың ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарауы, бұрыштама қоюы (тапсырма және орындау мерзімі) және қарау үшін жауапты орындаушыға жолдауы, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      3) жауапты орындаушының ұсынылған құжаттардың толықтығы мен Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексеруі және талдауы, күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
      4) жауапты орындаушының «Азаматтық хал актілерін жазу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) акт жазбасын қалыптастыруы және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындауы, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдауы, 3 (үш) сағаттың ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдауы, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруі немесе ХҚКО-на жолдауы, 20 (жиырма) минут ішінде.
      8. Стандарттың 9 тармағында бекітілген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, сондай-ақ басқада мемлекеттік органдарға сұраныс жасау қажет болған кезде, қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап, көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, қызмет көрсету мерзімі күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
      9. Келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
      1) тіркелген өтініш;
      2) бұрыштама және орындауға жолдау;
      3) қаралған құжаттар;
      4) ақпараттық жүйеге енгізілген жазба және толтырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
      5) қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
      6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру немесе ХҚКО-на немесе көрсетілетін қызметті берушіге жолдау.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы.
      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде рәсімдердің келесі реттілігі жүзеге асырылады:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті және қоса берілген құжаттарды қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қарауына жолдайды, 20 (жиырма) минуттың ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды, бұрыштама қояды (тапсырма және орындау мерзімі) және жауапты орындаушыға жолдайды, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкестігін тексереді және талдайды, күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
      4) ұсынылған құжаттарды тексеруден және талдаудан кейін жауапты орындаушы ақпараттық жүйесіне акт жазбасын енгізеді, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қол қоюына жолдайды, 3 (үш) сағат ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді, ХҚКО-на жолдайды, 20 (жиырма) минут ішінде.
      Стандарттың 9 тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, сондай-ақ басқада мемлекеттік органдарға сұраныс жасау қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімінің ұзартылған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, қызмет көрсету мерзімі күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара
іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет
көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану
тәртібінің сипаттамасы

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті құжаттарды ХҚКО арқылы қабылдағанда, ХҚКО-ның қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, 15 (он бес) минуттан аспайды.
      13. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда ХҚКО-ның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3 қосымшасындағы нысанға сәйкес өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Қабылданған құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолданады.
      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың толықтығын және заңнамаға сәйкестігін қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін әзірлейді және ХҚКО-на жолдайды, күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруді ХҚКО-ның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы арқылы (немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) қолхат негізінде жүзеге асырады, 15 минут ішінде.
      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіндегі ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес көрсетілген.
      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының реттілігін сипаттау, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимылдың тәртібін сипаттау осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын
қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2 қосымша

«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің бизнес-процесс анықтамалығы

1) Көрсетілетін қызметті беруші арқылы:

2) ХҚКО арқылы:

Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 4/646 қаулысымен бекітілді

«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал
актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен
түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласы әкімдігінің аудандар әкімдері аппараттарының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) арқылы көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну баламалы түрде:
      1) Көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны – қағаз түрінде.
      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі қайтыс болу туралы куәлік (анықтама), енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама).
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 7 тармағына сәйкес жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы/ақысыз көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсына отырып Стандарттың 1 немесе 2 қосымшасына сәйкес өтініші негіз болып табылады.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі рәсімдер (іс-қимылдар):
      1) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкерінің өтінішті тіркеуі және көрсетілетін қызмет беруші басшысының қарауына жолдауы, 20 (жиырма) минуттың ішінде;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысының көрсетілетін қызмет алушының өтінішін қарауы, бұрыштама қоюы (тапсырма және орындау мерзімі) және қарау үшін жауапты орындаушыға жолдауы, 30 (отыз) минуттың ішінде;
      3) жауапты орындаушының ұсынылған құжаттардың толықтығы және Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне тексеруі және талдауы: қайтыс болуды тіркеу туралы өтініш – 3 (үш) сағат ішінде; азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш – 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде;
      4) жауапты орындаушының «Азаматтық хал актілері жазбасы» тіркеу тармағы» ақпараттық жүйесінде актілік жазбаны қалыптастыруы, тіркеуді жүзеге асыруы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындауы, көрсетілетін қызмет берушінің басшысына беруі, 2 (екі) сағаттың ішінде;
      5) көрсетілетін қызмет беруші басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қоюы және көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне жолдауы, 30 (отыз) минуттың ішінде;
      6) көрсетілетін қызмет беруші кеңсесі көрсетілетін қызмет алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ХҚКО-на жолдауы, 20 (жиырма) минут ішінде.
      8. Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыға 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабарлай отырып, 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
      9. Келесі рәсімді орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижелері:
      1) тіркелген өтініш;
      2) бұрыштама және орындауға жолдау;
      3) қаралған құжаттар;
      4) ақпараттық жүйеге енгізілген жазба және толтырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі;
      5) қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі;
      6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға беру немесе ХҚКО-на болмаса көрсетілетін қызмет берушіге жолдау.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы.
      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процессінде рәсімдердің келесі реттілігі жүзеге асырылады:
      1) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері өтінішті және қоса берілген құжаттарды қабылдайды, оларды тіркейді және көрсетілетін қызмет беруші басшысының қарауына жолдайды, 20 (жиырма) минуттың ішінде;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы өтінішті қарайды, бұрыштама қояды (тапсырма және орындау мерзімі) және жауапты орындаушыға жолдайды, 30 (отыз) минуттың ішінде;
      3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексереді және талдайды: қайтыс болуды тіркеу туралы өтінішті қарау кезі – 3 (үш) сағаттың ішінде, азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтінішті қарау кезі – 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде;
      4) ұсынылған құжаттарды тексеруден және талдаудан кейін жауапты орындаушы ақпараттық жүйеде актілік жазбаны енгізеді, тіркеуді жүзеге асырады, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін әзірлейді және көрсетілетін қызмет беруші басшысының қол қоюына жолдайды, 2 (екі) сағат ішінде;
      5) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне жолдайды, 30 (отыз) минуттың ішінде;
      6) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға немесе ХҚКО-на 20 (жиырма) минут ішінде жібереді.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара
іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет
көрсету процесіндегі тәртібінің сипаттамасы

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті құжаттарды ХҚКО арқылы қабылдаған кезде, ХҚКО-ның қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызмет алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, 15 (он бес) минуттан аспайды.
      13. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда ХҚКО-ның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3 қосымшасындағы нысанға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Қабылданған құжаттар 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызмет берушіге жолданады.
      Көрсетілетін қызмет беруші құжаттардың толықтығын және заңнамаға сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін әзірлейді және оларды ХҚКО-на жолдайды, қайтыс болуды тіркеу туралы өтінішті қарау кезінде – 3 (үш) сағат ішінде, азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтінішті қарау кезінде – 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді ХҚКО-ның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы арқылы (немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      14. Қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 1 қосымшасында берілген.
      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің үдерісінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызмет берушілердің интернет-ресурсында орналастырылады.

«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілерінің жазбаларына
өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентіне
1 қосымша

«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал
актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар
мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің бизнес-процесстерінің анықтамалығы

1) Көрсетілетін қызмет беруші арқылы:

2) ХҚКО арқылы

Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 4/646 қаулысымен бекітілді

«Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық
хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар
мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласы әкімдігінің аудандар әкімдері аппараттарының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі бала асырап алу туралы және туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен бала асырап алу туралы қайталама куәлік.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 7 тармағына сәйкес жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы/тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсына отырып Стандарттың 1 немесе 2 қосымшаларына сәйкес өтініші негіз болып табылады.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесіндегі рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің өтінішті тіркеуі және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына жолдауы, 20 (жиырма) минуттың ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарауы, бұрыштама қоюы (тапсырма және орындау мерзімі) және қарау үшін жауапты орындаушыға жолдауы, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      3) жауапты орындаушының ұсынылған құжаттардың толықтығы мен Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексеруі және талдауы:
      4) жауапты орындаушының «Азаматтық хал актілері жазбасы» тіркеу тармағы» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) актілік жазбаны толтыруы, тіркеуді жүзеге асыруы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындауы, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдауы, 2 (екі) сағаттың ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қоюы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдауы, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруі, 20 (жиырма) минут ішінде.
      8. Келесі рәсімді орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) тіркелген өтініш;
      2) бұрыштама және орындауға жолдау;
      3) қаралған құжаттар;
      4) ақпараттық жүйеге енгізілген жазба және толтырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі;
      5) қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
      6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға немесе Көрсетілетін қызметті берушіге жолдау.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процессіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процессінде рәсімдердің келесі реттілігі жүзеге асырылады:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті және қоса берілген құжаттарды қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қарауына жолдайды, 20 (жиырма) минуттың ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды, бұрыштама қояды (тапсырма және орындау мерзімі) және жауапты орындаушыға жолдайды, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексереді және талдайды:
      4) ұсынылған құжаттарды тексеруден және талдаудан кейін жауапты орындаушы ақпараттық жүйеде актілік жазбаны енгізеді, тіркеуді жүзеге асырады, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қол қоюына жолдайды, 2 (екі) сағат ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді немесе ХҚКО-на жолдайды, 20 (жиырма) минут ішінде.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылының толық сипаттамасы осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

«Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері жазбаларына
өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентіне
1 қосымша

«Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық
хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар
мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің бизнес-процесс анықтамалығы

1) Көрсетілетін қызметті беруші арқылы

Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 4/646 қаулысымен бекітілді

«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның
ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласы аудандар әкімдері аппараттарының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы жүзеге асырылады.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін ұсыну баламалы негізде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
      3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы қайталама куәлік.
      Порталда көрсетілетін қызметті алушының «Жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтінішті алғанын растау және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу күнінің белгілеуі туралы хабарлама, жолданады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
      Мемлекеттік қызмет Стандарттың 7 тармағына сәйкес жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібінің сипаттамасы

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсына отырып Стандарттың 1 – 4 қосымшаларына сәйкес өтініші негіз болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің өтінішті тіркеуі және көрсетілетін қызметті беруші басшының қарауына жолдауы, 20 (жиырма) минуттың ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарауы, бұрыштама қоюы (тапсырма және орындау мерзімі) және қарау үшін жауапты орындаушыға жолдауы, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      3) жауапты орындаушының ұсынылған құжаттардың толықтығы мен Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексеруі және талдауы: заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу жөніндегі сот шешімінің негізінде 1 (бір) жұмыс күн ішінде (басқа аумақтық бірлікте шығару орны бойынша заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде, неке бұзуды тіркеу туралы өтінішті жолдау қажет болған кезде - 30 (отыз) күнтізбелік күн;
      4) хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, тіркеуші орган өтініш түскен күннен бастап 1 (бір) апта мерзімде ол туралы қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкіне қорғаншыға хабарлай отырып, 45 (қырық бес) күнтізбелік күн ішінде;
      5) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін; азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш – күнтізбелік 15 (он бес) күнтізбелік күн.
      6) Стандарттың 9 тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
      7) жауапты орындаушының «Азаматтық хал актілерін жазу» тіркеу тармағы» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) акт жазбасын толтыруы, тіркеуді жүзеге асыруы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындауы, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдауы, 3 (үш) сағаттың ішінде;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдауы, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруі, ХҚКО-на жолдауы, 20 (жиырма) минут ішінде.
      8. Келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
      1) тіркелген өтініш;
      2) бұрыштама және орындауға жолдау;
      3) қаралған құжаттар;
      4) ақпараттық жүйеге енгізілген жазба және толтырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
      5) қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
      6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру немесе ХҚКО-на болмаса көрсетілетін қызметті берушіге жолдау.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
өлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің келесі реттілігі жүзеге асырылады:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті және қоса берілген құжаттарды қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына жолдайды, 20 (жиырма) минуттың ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысы өтінішті қарайды, бұрыштама қояды (тапсырма және орындау мерзімі) және жауапты орындаушыға жолдайды, 2 (екі) сағаттың ішінде;
      3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9 тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкестігін, тексереді және талдау жүргізеді;
      4) ұсынылған құжаттарды тексеруден және талдаудан кейін жауапты орындаушы ақпараттық жүйеде актілік жазбаны енгізеді, тіркеуді жүзеге асырады, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін әзірлейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюына жолдайды, 3 (үш) сағат ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды, 1 (бір) сағаттың ішінде;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға немесе ХҚКО қызметкеріне береді жолдайды, 20 (жиырма) минут ішінде.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара
іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет
көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді
пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      11. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттарды ХҚКО арқылы қабылдағанда, ХҚКО-ның қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, 15 (он бес) минуттан аспайды.
      12. Көрсетілетін қызметті алушымен Стандарттың 9 тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 5 қосымшасындағы нысанға сәйкес өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы арқылы (немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) қолхат негізінде жүзеге асырады.
      13. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезіндегі қадамдық іс-қимылдар мен шешімдер:
      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуді компьютердің интернет-браузеріне сақталған өзінің электрондық цифрлық қолтаңба тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады;
      2) 1 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузеріне бекітуі, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі);
      3) 1 шарт – электрондық үкіметінің порталында логин, жеке сәйкестендіру нөмірі және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
      4) 2 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты, порталда авторизациялаудан бас тарту хабарламасын қалыптастыру;
      5) 3 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы www.egov.kz порталыда осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттардың электрондық нұсқасын тіркеу арқылы, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізуі);
      6) 4 үдеріс – сұрауды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасын тіркеу куәлігін таңдауы;
      7) 2 шарт – порталда электрондық цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрауда және электрондық цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі арасындағы сәйкестендіру деректеріне сәйкестігін тексеру;
      8) 5 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлік қолтаңбасы көмегімен сауалдың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);
      10) 7 үдеріс – ақпараттық жүйеде электрондық құжатты (тұтынушының сұрауын) тіркеу;
      11) 3 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеруі;
      12) 8 үдеріс – құжаттардың толық болмауына немесе Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келмеуіне байланысты сұралған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      13) 9 үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен орны туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының алуы.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы Регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметінің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет – ресурсында орналастырылады.

«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды
тіркеу, оның ішінде азаматтық хал
актілері жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер енгізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінің
1 қосымшасы

портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету
кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды
тіркеу, оның ішінде азаматтық хал
актілері жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер енгізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінің
2 қосымшасы

«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар
мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызмет
бизнес-процестерінің анықтамалығы

1) Көрсетілетін қызметті беруші арқылы:

2) ХҚКО арқылы

4) портал арқылы