"Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 348/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 қаңтарда № 4888 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
      2. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына міндеттелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Ысқақова

  Павлодар облысы Май ауданы
әкімдігінің 2015 жылғы
"22" желтоқсандағы
№ 348/12 қаулысымен
бекітілді

"Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы
бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Май ауданының аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140800, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Әйтеке би көшесі, 18.
      10. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
      11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства Майского района".
      12. Мемлекет Май ауданы әкімдігі тұлғасында "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      13. Осы Ереже "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Май ауданының аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      17. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты Май ауданында құрылысты дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету болып табылады.
      18. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні құрылыс саласындағы басқарма саясатты аудан деңгейінде жүзеге асыру болып табылады.
      19. Міндеттері:
      1) құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
      2) аудан елді мекендерінің әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымының қалыптастыруын қамтамасыз ету;
      3) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.
      20. Функциялары:
      1) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
      2) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
      3) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын тоқтатып қою, объектілерді кейінен кәдеге жарату жөнінде кешенді жұмыстар жүргізу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;
      5) елді мекендердің бас жобасын (аймақтың даму сызбасын) дамытуға, қала құрылысы жобалары жұмыстарын ұйымдастыру және аудандық мәслихатта бекітумен айналысады;
      6) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын және жүзеге асыру;
      7) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
      8) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
      9) ауданның елді мекендерінде құрылыс салу және жоспарлау ережелері мен нормаларын және сақтау бойынша жұмыстар жүргізу;
      10) құрылыс нысандарының сәулет-жоспарларына тапсырмаларды беру;
      11) аудан аумағында сумен жабдықтау жүйесін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-коммуникациялық желілер, ауыл шаруашылығы, абаттандыру, мәдениет, спорт, білім беру объектілері құрылысы және қайта құру;
      12) Май ауданы аумағындағы жылжымайтын мүліктің тіркеу адрестерін анықтау туралы анықтамалар беру;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Май ауданының елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскелерін беру;
      14) Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      21. Құқықтары мен міндеттері:
      1) аудан әкімдігі, әкімі және жоғары сатыдағы ұйымдарының қарастыруға құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы дамудың негізгі бағыттары, мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;
      3) мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
      4) "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша мәжілістерді өткізу;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
      23. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Май ауданының әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
      24. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтайды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
      7) "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
      8) барлық мемлекеттік органдарда, соттарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және бұл үшін дербес жауап береді;
      10) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдерді жасайды;
      11) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      25. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      26. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      27. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

4. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      28. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшаулаған мүлкі болу мүмкін.
      "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      29. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы
бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      31. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      32. "Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде, несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.