1. Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 мамырдағы "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 398/53 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4545 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 шілдедегі № 1 "Ел Ақпарат" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
7-тармақтың 9) тармақшасының екінші абзацы алынып тасталсын;
8-тармақтың 2) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары алынып тасталсын;
9-тармақтың төртінші абзацы келесі мазмұнда жазылсын: "7-тармақтың 9) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 10 АЕК мөлшерінде – өтініш пен қоса берілетін келесі құжаттардың негізінде: екінші деңгейдегі банкінің жеке есеп шотының нөмірі, табыстары туралы мәліметтер, тиісті медициналық мекемеден анықтама (бір айға дейін жарамды);".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | И. Теренченко |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | М. Желнов |