Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы "Профилактикасы мен диагностикасы бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы" № 158/5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 364/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 қаңтарда № 4904 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 1-тармағының 17-3) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы "Профилактикасы мен диагностикасы бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы" № 158/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3827 болып тіркелді, 2014 жылғы 31 мамырда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

  Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 364/12 қаулысына
қосымша

Профилактикасы мен диагностикасы
бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын
жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі

      Малдардың бірнеше түрі бойынша ортақ аурулар (ірі қара мал, ұсақ қара мал, шошқа): қотыр.
      Жылқы аурулары: сақау.