Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 276 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 367 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 қаңтарда № 6126 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 276 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5248 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 қаңтарда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндірілсін.";
      көрсетілген шешімнің 2-тармағы 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
      өтініш;
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
      тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы);
      психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысы;
      мүгедектігі туралы анықтама;
      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;
      мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Е. Жданова

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Б. Бекенов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Федоров аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _______________ Т. Волоткевич
      10 желтоқсандағы 2015 жыл

      "Федоров ауданының экономика
      және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _______________ В. Гринак
      10 желтоқсандағы 2015 жыл