Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 121 "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 қаңтарда № 6120 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2 тармағына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Науырзым ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 121 "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5588 болып тіркілген, 2015 жылғы 26 мамырдағы "Науырзым тынысы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесіде:
      16 тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "13-1) Науырзым ауданы аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Т. Даиров