Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қазандағы № 544 "Қостанай ауданының Надеждин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 744 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 қаңтарда № 6186 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қазандағы № 554 "Қостанай ауданының Надеждин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5983 болып тіркелген, "Арна" газетінде 2015 жылдың 19 қарашасында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай ауданының Надеждин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережесіндегі:
      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111112, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Надеждинка ауылы, Гагарин көшесі, 48 үй.".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Т. Исабаев