Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 332 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 қаңтарда № 6139 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес, Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары       (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) ай сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.
      2. Мыналар:
      1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу "Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;
      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу кемтар балалардың ата-аналарына және басқа заңды өкілдеріне (бұдан әрі - қызметті алушылар) ұсынылады;
      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ішінде жүгінген айдан бастап тағайындалады және әрбір кемтар балаға төленеді деп айқындалсын.
      3. Мәслихаттың 2015 жылғы 30 наурыздағы № 271 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы", (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5522 тіркелген, 2015 жылғы 14 сәуірде "Қамысты жаңалықтары – Камыстинские новости" аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            М. Орқашбаев

      Қамысты аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Рахимжанов