Мәслихаттың 2005 жылғы 13 маусымдағы № 186 "Аудан жерлері үшін және Жітіқара қаласы бойынша жер салығы мен жер үшін төлемінің базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 395 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 6178 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 387-бабына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2005 жылғы 13 маусымдағы № 186 "Аудан жерлері үшін және Жітіқара қаласы бойынша жер салығы мен жер үшін төлемінің базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-14 тіркелген, 2005 жылғы 30 шілдеде "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "ставкасына" деген сөз "мөлшерлемесіне" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетілген шешімнің № 1, 2, 3, 4 қосымшаларында қазақ тіліндегі бүкіл мәтін бойынша "ставкасына" деген сөз "мөлшерлемесіне" деген сөзбен ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрағасы                         Н. Джафаров

      Жітіқара аудандық
      мәслихатының хатшысы                       М. Кененбаева

      КЕЛІСІЛДІ

      "Жітіқара ауданы әкімдігінің
      жер қатынастары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі басшысының м.а.
      _________________ С. Жакупов
      2015 жылғы 21 желтоқсан

      "Жітіқара ауданы бойынша Мемлекеттік
      кірістер басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесі басшысының м.а.
      ___________________ Е. Ермухамедов
      2015 жылғы 21 желтоқсан