Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес және жерлердi аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 381-бабымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын.
2. Мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 200 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5332 тіркелген, 2015 жылғы 3 ақпанда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Жангелдин аудандық |
Т. Мырзағалиев |
Жангелдин ауданының |
С. Нургазин |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
Жангелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы» республикалық мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін атқарушы
________________________А.Ахметжанов
2015 жылғы "26" ақпан