"Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 294 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 қаңтарда № 6191 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 17 мамырдағы № 35 шешімімен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 17.05.2016 № 35 шешімімен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Он алтыншы
      сессияның төрағасы Д. Қойшыбаев
      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы А. Бондаренко

  Аудандық мәслихаттың
2015 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 294 шешімімен бекітілді

"Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің ережесі

      1. Жалпы ережелер
      1. " Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты " мемлекеттік мекемесі Әулиекөл аудандық мәслихатының ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.
      3. "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. " Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты " мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты " мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық мәслихат хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      9. "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты " мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110400, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, 1 Май, 44.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты " мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12."Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      13. "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер " Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      2. "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты"
      мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері,
      функциялары, құқықтары мен міндеттері
      14. "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Әулиекөл аудандық мәслихатының және депутаттардың қызметін қамтамасыз ету.
      15. "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) азаматтар мен ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына жәрдемдесу.
      16. "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де функцияларын жүзеге асырады.
      17. Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуге, шарт жасасуға және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыруға;
      2) аудан аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдардан мәслихаттың жүргізуіне қатысы мәселелер бойынша ақпараттар, ауызша және жазбаша түсініктемелер сұрауға және алуға;
      3) мемлекеттік, мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қалалық мәслихатының аппаратына жүргізуге қатысты мәселелер бойынша қызметтік хат жазысуға;
      4) аудандық мәслихат хатшысының, мәслихат аппараты басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың қызметшілерін, жергілікті бюджеттен және коммуналдық кәсіпорындардан қаржыландырылатын өзге де мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін, сессияларда және тұрақты комиссияларда қарау үшін мәселелерді дайындауға, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің құзыретіне қатысты проблемалық мәселелерді шешу және зерделеуге тартуға құқығы бар;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған өзге де құқықтар мен міндеттер.
      3. "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты"
      мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
      18. "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы – Әулиекөл аудандық мәслихатының хатшысы жүзеге асырады.
      19. Мәслихаттың хатшысы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшiлiк дауысымен сайланады және қызметінен босатылады.
      20. Мәслихат хатшысының орынбасарлары болмайды.
      21. Әулиекөл аудандық мәслихаты хатшысының өкілеттігі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңымен белгіленген.
      Әулиекөл аудандық мәслихатының хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша уақытша мәслихаттың тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты жүзеге асырады.
      22. "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мәслихаттың аппарат басшысы басқарады.
      23. Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.
      4 "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты"
      мемлекеттік мекемесінің мүлкі
      24. "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
      27. "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.