Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 280 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 6181 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 2-тармағына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5528 тіркелген, 2015 жылғы 8 мамырда "Торғай" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген ережесінде:
      2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Тұрғын үй көмегін "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) тоқсан сайын тағайындайды.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалының Арқалық бөліміне (бұдан әрі-ХҚКО) жүгінеді немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі-портал) балама негізде өтінішпен және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";
      11-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "11. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкiлеттi органмен тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеледi.
      Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн отбасының (азаматтың) шығыстар үлесi жиынтық табыстың он пайызы мөлшерiнде белгiленедi.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Кезекті
      сессияның төрағасы                         Н. Хамзин

      Мәслихат хатшысы                           Н. Шалдыбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      __________________ К. Омарова
      2015 жыл 21 желтоқсан

      "Арқалық қаласы әкімдігінің
      қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      __________________ А. Мұхамбетжанова
      2015 жыл 21 желтоқсан

      "Арқалық қаласы әкімдігінің экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      __________________ Н. Гайдаренко
      2015 жыл 21 желтоқсан