"Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 449 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда № 6086 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Ғ. Бекмұхамедов

Арқалық қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 449 қаулысымен бекітілген

"Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік
бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік және туристік қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар - "Арқалық азық-түлік компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      3. "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне өзге де нормативтік- құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті колданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110300, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Арқалық өңірі аумағында өз құзыретінің шегінде жеке кәсіпкерлікті, туристік қызметті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру.
      15. Міндеттері:
      1) жеке кәсiпкерлiктi және туристік қызметті дамыту үшiн жағдайлар жасау;
      2) өңiрде шағын кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      16.1 "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;
      2) сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастырады;
      3) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
      5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына береді;
      6) аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
      7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
      8) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді;
      9) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді;
      10) аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізеді;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      16.2. Ведомствоның функциялары:
      1) халықты әлеуметтік қорғау, аз қамтылған халық жағдайын жақсарту, нақтырақ айтар болса, өңірдің бағасы төмен азық-түлігімен қамтамасыз етуге бағытталған, мемлекеттік коммуналдық нарықтарды және дүкендерді ұйымдастыру;
      2) оларды одан әрі сату мақсатында жасанды су қоймаларында кәсіптік балық түрлерін қайта өндіру, қорғауды қамтамасыз ету, тұрақты пайдалану және жасанды өсіру;
      3) мемлекеттік коммуналдық базарлар мен дүкендерді ұйымдастыру;
      4) сатып алу көтерме-бөлшекті сауданы ұйымдастыру (тауарларды төмен бағасымен);
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған, басқа да қызмет түрлері.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде құқықтық сипаттағы актілерді әзірлеуге қатысу;
      2) "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, статистика органдарынан, ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындардан сұрау және алу;
      3) тиісті органдарға Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасын бұзушыларға шаралар қолдану жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      4) кәсіпкерлік, туризм және өнеркәсіп мәселелері бойынша ақпараттық-таныстыру іс-шараларды (кеңестер, көрмелер, жәрмеңкелер) ұйымдастыру және өткізу;
      5) кәсіпкерлікті және туристік қызметті дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның
қызметін ұйымдастыру

      18. "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін басшылықты "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.
      20. "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
      2) "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және оған жүктелген функциялармен міндеттерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер шараларының қабылданбауына дербес жауап береді.
      3) Азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;
      4) "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені, оның құрылымы мен штаттық саны туралы ұсыныстарды әзірлейді және оларды қала әкіміне бекітуіне енгізеді, еңбекақы төлеу қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерге қосымша ақылар, материалдық көтерме ақылар (сыйақалар) белгілейді;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мамандары мен техниқалық қызметкерлерін тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
      6) "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері міндетті түрде орындауға тиіс бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтар береді;
      7) өз құзіреті шегінде қаржылық құжаттамаларға қол қояды;
      8) оның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды;
      21. "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта
ұйымдастыру және тарату

      25. "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.