"Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 3471 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 қаңтарда № 6129 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкім Б. Жақыпов

  Қостанай қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 3471 қаулысымен
бекітілген

"Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі жалпы қол-жетімді және сапалы білім алуға азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған, Қостанай қаласының аумағында мемлекеттік білім беру саясатын жүргізу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар.
      3. "Қостанай қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қостанай қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қостанай қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қостанай қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қостанай қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi" басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қостанай қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Шайсұлтан Шаяхметов көшесі, 108 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қостанай қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қостанай қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қостанай қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
      13. "Қостанай қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қостанай қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Қостанай қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қостанай қаласында білім беру жүйесінің тиімді жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
      15. Міндеттері:
      1) мемлекеттiк cтандарттардың деңгейiне жауап беретiн толыққанды, жоғары сапалы бiлiммен қамтамасыз ету;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
      2) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
      3) мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
      4) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
      5) жыл сайын 1 тамызға дейін мектепке дейінгі даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына білім беру органдары оқу жылына болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
      6) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiтедi;
      7) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
      8) аудан (қала) ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді;
      9) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
      10) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      11) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
      13) білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
      14) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
      15) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
      16) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
      17) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
      18) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;
      19) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
      20) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) тиісті аумақта өз қызметтерін тиімді жүзеге асыруды арттыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен, мемлекеттік мекемелермен және басқа ұйымдармен өзара әрекеттесу;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігін және сапасын қамтамасыз ету;
      3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан қажетті мәліметтерді, материалдар мен құжаттарды белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
      4) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қолданыстағы заңнамамен берілген өзге де құқықтары мен міндеттері бар.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Қостанай қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Қостанай қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қостанай қаласының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Қостанай қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. "Қостанай қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Қостанай қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;
      2) заңнамамен белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді;
      3) шарттар жасасады;
      4) сенімхаттар береді;
      5) қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие;
      6) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің іссапарлары,тағылымдамалары, оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктіліктерін арттырудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
      7) өз қаржы қаражаттары шектерінде мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымдық айлықақылар (ставкалар), қосымша ақылар, үстеме ақылар және өзге де ынталандыратын төлемдер белгілеу;
      8) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері мен ведомостволық бағынысты мекемелердің директорлары үшін міндетті бұйрықтарды шығарады және нұсқаулар береді;
      9) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және ведомостволық бағынысты мекемелердің директорларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады.
      10) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне ынтыландыру шараларын және тәртіптік жазаларды қолданады.
      11) өз өкілеттігі шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ықпал етуге міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы талаптарының бұзылғаны үшін дербес жауапты болады;
      12) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Қостанай қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      23. "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
      "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мен оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      1) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 1 лицей-мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      2) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 2 мектеп-лицейі" мемлекеттік мекемесі;
      3) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 3 мектеп-гимназиясы" мемлекеттік мекемесі;
      4) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 4 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      5) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы № 5 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      6) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 5 "А" мектеп-гимназиясы" мемлекеттік мекемесі;
      7) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 6 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      8) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 7 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      9) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 8 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      10) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ғ.Қайырбеков атындағы № 9 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      11) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 10 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      12) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 11 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      13) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Горький атындағы гимназиясы" мемлекеттік мекемесі;
      14) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 13 негізгі жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      15) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 14 негізгі жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      16) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 15 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      17) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 16 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      18) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 17 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      19) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 18 мектеп-гимназиясы" мемлекеттік мекемесі;
      20) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 19 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      21) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Мариям Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      22) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 21 негізгі жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      23) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 22 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      24) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М. Қозыбаев атындағы № 23 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      25) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 24 мектеп-гимназиясы" мемлекеттік мекемесі;
      26) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 25 негізгі жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      27) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 30 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      28) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 115 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      29) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 122 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      30) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің С.Мәуленов атындағы гимназиясы" мемлекеттік мекемесі;
      31) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің физика-математикалық лицейі" мемлекеттік мекемесі;
      32) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Дружба орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      33) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Чапаев негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      34) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 1 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      35) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 2 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      36) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 3 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      37) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 4 бала-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      38) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 5 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      39) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 6 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      40) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 7 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      41) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 8 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      42) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 9 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      43) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 11 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      44) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 12 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      45) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 13 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      46) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 14 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      47) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 15 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      48) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 16 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      49) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 18 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      50) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 27 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      51) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 40 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      52) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 44 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      53) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 51 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      54) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 54 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      55) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 61 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      56) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 69 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      57) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің аула клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      58) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 1 балалар музыкалық мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      59) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің А.И. Никифоров атындағы көркемөнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      60) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің техникалық шығармашылық мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      61) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің шахмат клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      62) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің балалар шығармашылығы мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      63) "Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Карнавал" хореографиялық мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      64) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 1 кешкі (ауысымдық) орта жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      65) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 2 кешкі (ауысымдық) орта жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі.