Әкімдіктің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 101 "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 555 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қаңтарда № 6154 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 157 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.03.2017 № 157 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы
      № 101 "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5567 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесіндегі 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Қадырбек Оспанов атындағы № 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі";
      "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар тізбесі мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мүгедектер спорт клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны".
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қостанай
облысының әкімі
А. Мұхамбетов