Ақтау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау және әкету тарифтерін бекіту туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 35/335 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда № 2921 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақтау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау және әкету тарифтері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Ақтау қаласының әкімдігіне жеке, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне осы тарифтердің қолданысқа енгізілетін мерзімі туралы хабарлау ұсынылсын.
      3. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д. Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б.Шапқан).
      5. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы                         Б.Боранбаев
 
      Қалалық мәслихат
      хатшысы                                 М.Молдағұлов


      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Ақтау қалалық тұрғын
      үй - коммуналдық шаруашылығы
      және тұрғын үй инспекциясы
      бөлімі» мемлекеттік мекемесі
      басшысының міндетін атқарушы
      Б.К.Ізғалиев
      2015 жылы 11 желтоқсан

Ақтау қалалық мәслихатының
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 35/335 шешіміне қосымша

Ақтау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау және әкету тарифтері

№р/р Атауы Есептік бірлік Баға, теңгемен
(ҚҚС жоқ)

1

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері

1 м3

1 198

2

Жеке тұлғалар

1 адам/айына

160,34

      Ескерту:
      Аббревиатураларды ажыратып жазу: «м3» - «текше метр», «ҚҚС» - «қосылған құн салығы»