Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/435 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қаңтарда № 2955 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38- бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидалары белгiленсін.

      2. Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 27 ақпандағы № 9/122 "Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидасы туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2239 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2013 жылғы 18 сәуірде жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.

      3.лМаңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

М. Ибағаров

Облыстық мәслихат


хатшысы

Б. Жүсіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық

      экономика министрлігі Тұтынушылардың

      құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау

      облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау

      департаменті" республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      М.Ж. Қадыр

      10 желтоқсан 2015 жыл.


      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер

      министрлігі Маңғыстау облысының

      ішкі істер департаменті"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      Қ.С. Дәлбеков

      10 желтоқсан 2015 жыл.


      "Қазақстан Республикасы энергетика

      министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі

      экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік

      инспекция комитетінің Маңғыстау облысы бойынша

      экология департаменті" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Е.Қ. Умаров

      10 желтоқсан2015 жыл.

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер

      министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің

      Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар

      департаменті" мемлекеттік мекемесінің бастығы

      Қ.Б. Базарбаев

      10 желтоқсан 2015 жыл.


      "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар

      және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      С.О. Сағынбаев

      10 желтоқсан 2015 жыл



  Маңғыстау облыстық мәслихатының
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 29/435 шешімімен
бекітілген

Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидалары

      1. Осы Ортақ су пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 38-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-2-тармағына және "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 19-1/252 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Маңғыстау облыстық мәслихаты өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу тәртібін айқындайды.

      2. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.

      3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.

      4. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.

      5. Экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.

      6. Ортақ су пайдалануға:

      1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;

      2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;

      3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;

      4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану жатады.

      7. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.

      8. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша Маңғыстау облысының әкімдігі белгiлейдi.

      9. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.

      Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбi, кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi және оларды пайдалану қағидалары Кодекстің 105-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда жол берiледi.

      11. Маңғыстау облыстық мәслихаты азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында Маңғыстау облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді қалалар мен аудандар әкімдіктерінің ұсынысымен айқындайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 04.08.2017 № 11/147 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Маңғыстау облысының әкімдігі Маңғыстау облысының аумағында орналасқан су объектілерінің, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 04.08.2017 № 11/147 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      13. Оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, егер Маңғыстау облыстық мәслихатының шешiмдерiнде өзгеше белгiленбесе, Кодекстің 67-бабының 3-тармағына және 68-бабының 4-тармағына сәйкес ортақ су пайдалану шарттары немесе оған тыйым салу туралы жариялайды.

      14. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы Маңғыстау облыстық мәслихатына ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.

      14-1. Маңғыстау облыстық мәслихаты ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күн ішінде су пайдаланушыға жолдайды.

      Ескерту. Шешім 14-1 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 04.08.2017 № 11/147 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 04.08.2017 № 11/147 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15-1. Су пайдаланушы Маңғыстау облыстық мәслихатынан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға тыйым салынатыны және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. Шешім 15-1 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 04.08.2017 № 11/147 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16. Ортақ су пайдалану үшін су объектілерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:

      1) су объектілерін ұқыпты пайдалануы;

      2) су объектілерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы;

      3) су объектілерінде мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы;

      4) су объектілерін және іргелес аумақтарын тиісті санитариялық нормаларға сай ұстауға, тұрмыстық, құрылыс және басқа да қалдықтармен қоқыстауға, іргелес аумақтарды ластаудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы жүзеге асыруы тиіс.

      17. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:

      1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;

      2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;

      3) ескерту немесе тыйым салу жазулары бар арнайы ақпараттық белгілер қойылмаған орындарда шомылуға;

      4) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;

      5) аумақта жанар-жағар май материалдарын сақтауға;

      6) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға;

      7) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға жол берілмейді.