Түпқараған ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/444 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 қаңтарда № 2949 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексiне, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса берiлiп отырған Түпқараған ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары бекiтiлсiн.
      2.лМаңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д. Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.



      Сессия төрағасы                         М. Ибағаров
 
      Облыстық
      мәслихат хатшысы                        Б. Жүсіпов

      «КЕЛIСIЛДI»
      «Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық
      бақылау және қадағалау
      комитетiнiң Түпқараған аудандық
      аумақтық инспекциясы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Б.С. Жүсіпбеков
      10 желтоқсан 2015 жыл.
 

      «Түпқараған аудандық ауыл
      шаруашылығы және ветеринария бөлiмi»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      А.Д. Жұмағазиев
      10 желтоқсан 2015 жыл.
 

      «Түпқараған ауданының iшкi
      істер бөлiмi» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      Н.М. Мұханбетқали
      10 желтоқсан 2015 жыл.

Маңғыстау облыстық мәслихатының
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 29/444 шешімімен бекітілген

Түпқараған ауданының елдi мекендерiнде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою
Қағидасы
 
  1. Жалпы ережелер

      1. Түпқараған ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары (бұдан әрi – Қағида) «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексiне, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасақталған.
      2. Қағида Түпқараған ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртiбiн реттейдi.

2. Иттерді және мысықтарды тiркеу тәртiбi

      3. Иттер үш айлық жасынан бастап, мысықтар екі айлық жасынан бастап «Түпқараған аудандық ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнде (бұдан әрi – аудандық ветеринариялық станциясы) тiркеуден өтедi.
      4. Тіркеу барысында иттер мен мысықтардың иесі осы Қағиданың талаптарымен таныстырылады. Жануарлардың иесі Қағидамен танысқандығы туралы жазба Тіркеу кітабына қол қоюмен куәландырылады.
      5. Тіркеуден өткен иттер мен мысықтарға жануарлар иелерінің есебінен белгіленген үлгідегі ветеринариялық паспорт беріледі.
      6. Ит пен мысықты тіркеуден өткізу және қайта тіркеу кезінде иелері келесідей мәліметтерді ұсынады:
      иесінің жеке басын куәландыратын құжаты;
      мекен жайы, байланыс телефоны;
      иттің немесе мысықтың түрі, жынысы, аты, туылған күні, түсі, ерекше белгілері немесе жануардың сипаты.
      7. Иттер және мысықтар сатылған, жоғалған, өлген, басқа тұлғаға берiлген жағдайларда жануарлардың иесi оларды есептен шығару немесе қайта тiркеу үшiн екi апталық мерзiмде аудандық ветеринария станциясына хабарлауы қажет. Иттер мен мысықтардың иелерi мекен-жайын өзгерткен жағдайда жануарлар 15 жұмыс күн iшiнде тiркелуге жатады.

3. Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртiбi

      8. Иттердің түрлеріне қарамастан үш айлық жасынан бастап, құтырмаға және эпизоотиялық көрсеткіштер бойынша лептоспирозға, микроспорияға, обаларға қарсы егілуге, сонымен қатар гельминттерге тексерілуге немесе профилактикалық дегельминтизациялауға жатады.
      9. Мысықтар екi айлық жасынан бастап жануарлар мен адамдарға ортақ жұқпалы ауруларға қарсы, эпизоотиялық көрсеткiштер бойынша микроспорияға қарсы егiлуден, гельминтоздарға тексерiлуден өтедi.
      10. Егер иттер мен мысықтардың иесі заңды тұлға болса, онда оларға иттер мен мысықтарды асырауға жауапты адам тағайындалады.
      11. Иттер мен мысықтардың иесі дер кезінде, осы Қағидамен белгіленген мерзімдерде, міндетті ветеринариялық шараларды өткізеді, жануарлардың карантиндік режимін сақтайды, жұқпалы ауруларды жою бойынша шараларды өткізеді.
      12. Иттер мен мысықтарды асырау санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды және осы Қағиданы сақтаған жағдайда жүргізіледі:
      бір ғана отбасынан тұратын тұрғын үй-жайларда;
      бірнеше отбасынан тұратын тұрғын үй-жайларда, тек өзіне тиесілі тұрған аумағында (пәтердегі барлық тұрғындардың жазбаша келісімімен);
      кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда, көп пәтерлі үйлерде, бақ шаруашылықтарында, азаматтардың коммерциялық емес бірлестіктерінде, демалыс орындарында байлаулы күйінде немесе торда, қоршаған ортаға қауіп келтірмейтін және тыныштық сақтайтындай жағдайда болады.
      13. Көп пәтерлі тұрғын үйдің пәтерінде бір отбасында алты айлық жасқа дейінгі төлдері бар ірі және орта тұқымды екіден көп емес үлкен иттермен үш мысық асырау ұсынылады.
      14. Иттер мен мысықтарды (көзі әлсіз көретін адамдарды алып жүретін иттерден басқа) көпшілік пайдаланатын орындарда (ас әзірлейтін бөлмелерде, кіреберістерде, баспалдақ алаңдарында, шатырларда, жертөлелерде, балконда және басқа да қосалқы жайларда) және үй алдындағы аумақта (жеке тұрғын үй қорындағы үйлердің аумағынан басқа), қонақ үйлер мен жатақхана дәліздерінде асырауға жол берілмейді.
      15. Қонақ үйлерде қонақ үй әкімшілігінің рұқсатымен, жануарда ветеринариялық құжаты болған және санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтаған жағдайда иелерінің итімен немесе мысығымен бірге орналасуына жол беріледі.
      16. Иттер мен мысықтарды жекелеген тұрғын үй қорындағы үйлерде, ғимараттарда, және оларға тиесілі аумақтарда осы аумақтың иесінің рұқсатымен немесе басқа да өкілетті тұлғаның келісімімен асырауға болады. Иттер жануардың қашып кетуінен, адамдарға немесе басқа жануарларға шабуылдауынан, жүргіншілерді мазалауынан сақтайтын қоршалған аумақта асыралуы тиіс. Осы аумақта иттің бар екендігі жөнінде кіреберісте 20х30 сантиметрден кем емес көлемде, иттің бейнесі бейнеленген «Ит күзетеді!», «Охраняется собакой!» ескерту болуы тиіс.
      17. Жеке тұрғын үй қорындағы үйлерде, егер гигиеналық-санитарлық және зоогигиеналық нормаларға сәйкес жануарларды асырау шарты сақталса үштен көп иттерді асырауға жол беріледі.
      18. Иттердi арнайы бекiтiлген, қоршалған жерлерде серуендету керек. Егер ондай жерлер болмаса, иттердi серуендету құла далада жүзеге асырылады;
      19. Рұқсат етілмейді:
      1) тіркелмеген (есепке алынбаған) және егуден өтпеген иттер мен мысықтар асырауға;
      2) балалардың аула алаңдарында, спорттық алаңдарда, мектепке дейінгі және оқу орындарының, емдеу мекемелерінің аумақтарында және қоғамдық шаралар өткізілетін жерлерде иттер мен мысықтарды серуендетуге;
      3) иттерді тұмылдырықсыз және ұзын шылбырсыз серуендетуге;
      4) мас күйіндегі адамдар мен 14 жасқа толмаған жасөспірімдерге иттер мен мысықтарды серуендетуге;
      5) адамдардың шомылуына арналған орындарда, бұрқақ және бұлақ көздерінде иттер мен мысықтарды шомылдыруға.
      20. Қоғамдық жерлерде (көшелерде, аулалық аумақтарда, саяжайларда және басқа да орындарда) иелері байлаулы күйінде қалдырғандардан басқа иттер қараусыз болып саналады және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және өлген жануарларды жинау жөніндегі арнайы қызметтермен аулануға жатады.
      21. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды жергiлiктi атқарушы органмен келiсiм-шарты жасалған ветеринария саласындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын жүзеге асырады.

4. Ит пен мысықты сату, сатып алу, сондай-ақ тасымалдау

      22. Ит пен мысықты белгіленбеген жерлерде, сондай-ақ ветеринариялық анықтамасы мен құжаттарысыз сатуға жол берілмейді.
      23. Сонымен бірге ит пен мысықты сату тек ит пен мысықтың жасы 2,5-3 айға толғанда уақытынан, тиісті ветеринариялық құжаттамасы болған кезде жол беріледі. Егер, ит пен мысық 2,5-3 айға толмаған кезде сатылса ветеринариялық паспорты болмаса, сатып алушыға күшіктің және мысықтың денсаулығының жағдайы жөнінде анықтама ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен беріледі.
      24. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес иттерді және мысықтарды саудаға салу жануарлар шаруашылығы қоры (клубы), питомниктер, зоодүкендер және мамандандырылған базарлар арқылы рұқсат етiледi.
      25. Иттерді және мысықтарды Түпқараған ауданының елдi мекендерiнiң аумағына әкелу, оның iшiнде шет мемлекеттерден әкелу немесе Түпқараған ауданының елдi мекендерiнiң аумағынан тыс жерге әкету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      26. Түпқараған ауданының елдi мекендерiнен тыс жерге иттердi және мысықтарды тасымалдауға (орын ауыстыруға) және әкелуге ветеринария саласындағы өкiлеттi мемлекеттiк орган берген егiлгендiгi туралы ветеринариялық куәлiгi және арнайы үлгiдегi ветеринариялық паспорты болған жағдайда рұқсат етiледi.
      27. Иттерді және мысықтарды әуе, теміржол, автомобиль, сонымен қатар су көлігімен тасымалдау осы көліктердің түрлерінде жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдау Ережелері негізінде жүзеге асырылады.

5. Ереженiң сақталуын бақылау

      28. Түпқараған ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берiлген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

6. Қорытынды ережелер

      29. Осы Қағиданың талаптарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгiленедi.