Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 48/8 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 қаңтарда № 5307 болып тіркелді
Қолданыстағы1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде жер салығының мөлшерлемелері 50 (елу) пайызға жоғарылатылсын.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері сегіз есеге жоғарылатылсын.
3. "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 13 шілдедегі 5046 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 18 шілдеде "Өскен өңір" газетінде жарияланған) аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 маусымдағы № 41/2 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.