Қазалы қаласындағы көшені қайта атау туралы

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 344 қаулысы және Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 370 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 03 ақпанда № 5332 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-1 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазалы қаласындағы "Юрий Гагарин" көшесi "Өмірзақ Түркебаевтың" есімімен қайта аталсын.
      2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазалы ауданының Қазалы аудандық
      әкімі мәслихатының LІ сессиясының
      төрағасы
      ________ Н. Шамұратов _____________ Б. Бекбауылов
      Қазалы аудандық
      мәслихатының хатшысы
      ________ Т. Бөріқұлақов