Қызылорда қаласының көшесін қайта атау туралы

Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 258 қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 333 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 5289 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі қорытындысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылорда қаласындағы "Сәулет-22" көшесі Біліс Нұрпейісов есімімен қайта аталсын.
      2. Осы қаулы мен шешімнің орындалуына бақылау жасау "Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының Қызылорда облыстық
      әкімі мәслихатының
       42 сессиясының төрағасы
      _______________ Қ. Көшербаев ______________ Қ. Әжібеков
      Қызылорда облыстық
      мәслихаты хатшысының
      міндетін атқарушы
      _____________ Қ. Бисенов