1. "2015 жылға арналған бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 12 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4995 тіркелген, облыстық "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2015 жылдың 28 мамырында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оған қажетті сараптамаларды жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыру "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 2015 жылға арналған 003 "Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу" бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың Тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы "8" желтоқсандағы № 253 қаулысына қосымша |
|
Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 12 қаулысымен бекітілген |