"Оралман мәртебесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 130 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 қыркүйекте № 5127 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі                       Қ. Көшербаев

      Қызылорда облысы әкімдігінің
      2015 жылғы «24» тамыздағы
      № 130 қаулысымен бекітілген

       «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

       1. Жалпы ережелер

      1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда облысы бойынша филиалы, оның бөлімдері мен бөлімшелері (бұдан әрі – Орталық) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға оралман куәлігін беру (бұдан әрі - куәлік).
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

       2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге немесе Орталыққа Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11342 болып тіркелген) «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынуы.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес келесі құжаттарды ұсынады:
      стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      өмірбаян (еркін нысанда);
      отбасы отағасы, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесінің өлшемi 3х4 сантиметр екi-екіден фотосуретін;
      көрсетілетін қызметті алушының және онымен бірге көшіп келген оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарын (ықтиярхат куәлігі, кәмелет жасына толмаған балалардың туу туралы куәліктері және қазақ ұлтына жататынын растайтын тағы басқалары);
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатында қазақ ұлтына жататыны туралы ақпарат болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының және онымен бірге көшіп келген отбасы мүшелерінің тұрақты тұру мақсатында тарихи отаны Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге орналастырылған және Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерлерде тұрақты тұрған (аттестат, диплом, білім туралы куәлік, еңбек кітапшасы және тағы басқалар), сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерлерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балаларының этникалық қазақтарға жатқызылғанын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері онымен ұсынылады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға өтініштің тіркелген күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтінішті тіркеу туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (отыз минуттан аспайды);
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (отыз минуттан аспайды);
      4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды қарайды, оралман мәртебесін беру туралы шешім (бұдан әрі - шешім) мен куәлікті дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (төрт жұмыс күні ішінде);
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешім мен куәлікке қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды (отыз минуттан аспайды);
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді (отыз минуттан аспайды).
      Аудандық (қалалық) Орталықтарға жүгінгенде құжаттардың топтамасын және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жеткізумен қамтамасыз ету үшін – бес жұмыс күні ішінде.
      Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

       3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен өзге ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен өзге ұйымдардың тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;
      4) Орталықтың қызметкері;
      5) Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламеттің 3-қосышасында көрсетілген.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

       4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен Орталықтың өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы 

      10. Қызметті Орталық арқылы көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезектілігі мен жүгіну тәртібінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа стандарттың 9-тармағына сәйкес келесі құжаттарды ұсынады:
      стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      өмірбаян (еркін нысанда);
      отбасы отағасы, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесінің өлшемi 3х4 сантиметр екi-екіден фотосуретін;
      көрсетілетін қызметті алушының және онымен бірге көшіп келген оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттары (ықтиярхат куәлігі, кәмелет жасына толмаған балалардың туу туралы куәліктері және қазақ ұлтына жататынын растайтын тағы басқалары);
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатында қазақ ұлтына жататыны туралы ақпарат болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының және онымен бірге көшіп келген отбасы мүшелерінің тұрақты тұру мақсатында тарихи отаны Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге орналастырылған және Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерлерде тұрақты тұрған (аттестат, диплом, білім туралы куәлік, еңбек кітапшасы және тағы басқалар), сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерлерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балаларының этникалық қазақтарға жатқызылғанын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері онымен ұсынылады;
      2) Орталық қызметкері құжаттарды тіркейді, құжаттар топтамасы толық ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға:
      өтініштің нөмірі мен қабылданған күні:
      сұраныс берілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
      қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (бұдан әрі – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат) береді немесе көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Орталық қызметкері стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді (жиырма минуттан аспайды).
      3) Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (бір жұмыс күні ішінде, мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
      4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (отыз минуттан аспайды);
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (отыз минуттан аспайды);
      6) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды қарайды, шешім мен куәлікті дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (төрт жұмыс күні ішінде);
      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешім мен куәлікке қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды (отыз минуттан аспайды);
      8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері куәлікті тіркейді және Орталыққа жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);
      9) Орталық қызметкері куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді (жиырма минуттан аспайды).
      Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

«Оралман мәртебесін беру»
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
      1-қосымша

      Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

1

Рәсімнің (іс-қимылдың) нөмірі

1

2

3

4

5

2

Құрылымдық бөлімшелердің атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

3

Рәсімнің (іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы

құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама береді

құжаттарды қарайды

құжаттарды қарайды, шешім мен куәлікті дайындайды

шешім мен куәлікке қол қояды

куәлікті тіркейді

4

Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі

құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады

құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды

шешім мен куәлікті көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады

шешім мен куәлікті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды

куәлікті көрсетілетін қызметті алушыға береді

5

Орындалу мерзімі

30 минуттан аспайды

30 минуттан аспайды

4 жұмыс күні ішінде

30 минуттан аспайды

30 минуттан аспайды

«Оралман мәртебесін беру»
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
      2-қосымша

      Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы

      Көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа жүгінген кезде:

1

Рәсімнің (іс-қимылдың) нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

2

Құрылымдық бөлімшелердің атауы

Орталық қызметкері

Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Орталықтың қызметкері

3

Рәсімнің (іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы

құжаттарды тіркейді


 
 
 
 
 

құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды

құжаттарды тіркейді

құжаттарды қарайды

құжаттарды қарайды, шешім мен куәлікті дайындайды

шешім мен куәлікке қол қояды

куәлікті тіркейді

куәлікті тіркейді

4

Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі

көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны немесе құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді

құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады

құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды

шешім мен куәлікті көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады

шешім мен куәлікті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды

куәлікті Орталыққа жолдайды

куәлікті көрсетілетін қызметті алушыға

береді

5

Орындалу мерзімі

20 минуттан аспайды

1 жұмыс күні ішінде, мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді

30 минуттан аспайды

30 минуттан аспайды

4 жұмыс күні ішінде

30 минуттан аспайды

1 жұмыс күні ішінде

20 минуттан аспайды

«Оралман мәртебесін беру»
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
      3-қосымша

      Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      Көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа жүгінген кезде:

«Оралман мәртебесін беру»
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
      4-қосымша

      «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы      

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      Көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа жүгінген кезде:

      Шартты белгілемелер: