Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2016 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы 43 сессиясының № 6 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 қаңтарда № 3607 болып тіркелді. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабының 3-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тізілімiнде № 9946 болып тiркелген) бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының 4-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2016 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасының міндетін атқарушы,
      мәслихат хатшысының өкілеттігін
      уақытша жүзеге асырушы Т. Ргебаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Бұқар жырау ауданының экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
С.К. Аймагамбетова

      2015 жылғы 22 желтоқсан