Дәрілік затты, мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы

Қарағанды облыстық мәслихатының 2015 жылғы 29 шілдедегі XХXVI сессиясының № 419 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 тамызда № 3360 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 25.02.2021 № 34 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты, ШЕШТІ:
      Амбулаториялық емдеу кезінде азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша мамандандырылған емдік өнімдер тегін босатылатын: "Блекфан-Даймонд қан аздығы", "Өкпе артериалдық гипертензия", "Эпилепсия", "Құрамдастырылған гуморалдық-тіндік иммунотапшылық", "Созылмалы себебі белгісіз тромбоцитопиялық қанталау бөртпесі" диагноздары бар азаматтарға дәрілік заттар берілсін (рецепт бойынша).
      Амбулаториялық емдеу кезінде азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша мамандандырылған емдік өнімдер тегін босатылатын: "Муковисцидоз" диагнозымен ауыратын азаматтарға мамандандырылған емдік өнімдер берілсін (рецепт бойынша).
      Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (Әдекенов С.М.) жүктелсін.
      Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Абайділдинов
      Облыстық
мәслихаттың хатшысы
Н. Дулатбеков