Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" № 540 бұйрығына (Нормативтық құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 2015 жылға арналған "Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу" 064 бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
2.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсiн.
3.
Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі |
Н. Әбдібеков |
Қарағанды облысы әкімдігінің |
"Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 2015 жылға арналған "Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу" 064 бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен қаржыландыру жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесі
р/с |
Жобаның атауы |
Жергілікті бюджеттiк инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін (бұдан әрі ТЭН) әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру көлемi |
Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру көлемi |
Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеудi қаржыландыру көлемi |
"Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
||||
1 |
Қарағанды қаласының орталықтандырылыған жылумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру (ТЭН әзірлеу жалпы құнынан 81 %) |
86 736 |
||
"Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі бойынша жиыны |
86 736 |
|||
Барлығы |
86 736 |
|||