"Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 26 – 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсанда № 48-5 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 қаңтарда № 2890 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Талас аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 26 – 6 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2101 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қаңтардағы № 5 аудандық "Талас тынысы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімімен бекітілген Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
      8 – тармақтағы "Бір рет әлеуметтік көмек Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігі бекіткен тізім бойынша:
       - туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға, амбулаториялық ем алушыларға 40 000 (қырық мың) теңге көлемінде көрсетіледі" деген сөздер "Бір рет әлеуметтік көмек көрсету өтінішке сәйкес:
       - ең төмен күнкөріс деңгейінің жеті еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, әлеуметтік мәні бар туберкулез ауруымен ауырып, амбулаториялық жағдайда ем жалғастырушы тұлғаларға 40 000 (қырық мың) теңге әлеуметтік көмек көрсетіледі" деген сөздерімен ауыстырылсын;
       9 – тармақтағы 1 абзацы " - жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын санаттағы азаматтар" деген сөздер " - жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын санаттағы азаматтар" деген сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Талас аудандық мәслихатының тұрғындарды әлеуметтік-құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасының
      міндетін атқарушы,
      Мәслихат хатшысы Ж. Әсемов