Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Жамбыл облысы Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 24 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда № 2882 болып тіркелді

Қолданыстағы
       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Жуалы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 24 қарашадағы 06-07 №207 ұсынысы негізінде Көкбастау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мүйізді ірі қара малының арасынан сарып ауруының анықталуына байланысты, Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көкбастау ауылдық округі әкімі аппаратының ветеринар бас маманы Махаев Ануарбек Ятаевичке жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Көкбастау ауылдық
      округінің әкімі М. Қасымбеков

      Көкбастау ауылдық округінің Косболтек ауылы аумағына шектеу іс шараларын енгізе отырып, ветеринариялық реждим белгілеу туралы
      Шешім № 24, 18 желтоқсан 2015 жыл
      Келісім парағы
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Жамбыл облысы ішікі істер департаменті
      Жуалы ауданы ішкі істер бөлімі
      бастығы полиция полковнигі: Б.А.Налеков
      "18" желтоқсан 2015 жыл
      Жуалы ауданы тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау
      басқармасының басшысы: М.Искаков
      "18" желтоқсан 2015 жыл
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
      министрлігі ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Жуалы аудандық
      аумақтық инспекциясы мемлекеттік
      мекемесінің басшысы: Е.Ошанов
      "18" желтоқсан 2015 жыл