1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес қызметін Ұйғыр ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы Манапова Арзигуль Гопуровнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, байланыс, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері" жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарынан мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Н.Дауренбеков |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Н.Есжан |
Ұйғыр аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Ұйғыр ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № 54-4 шешіміне қосымша |