Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі "Даулет" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс шараларын белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 5 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 05 қаңтарда № 4663 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 4 шешімімен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі әкімінің 27.09.2016 № 4 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылық Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас инспекторының 2015 жылғы 28 қазандағы № 15-4/191 ұсынысы негізінде Құдықсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінде орналасқан "Даулет" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдары арасында жұқпалы бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды әкім аппаратының бас маманы А.М.Баймешовке жүктеймін.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Хромтау ауданы
      Құдықсай ауылдық округінің әкімі Н.С.Изтлеуов