1. "Темір ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" 2014 жылғы 14 наурыздағы № 169 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3794 тіркелген, 2014 жылғы 14 наурызда "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Темір ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жыл сайын бюджет қаражаты есебінен 7 500 (жеті мың бес жүз) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін, орталықтандырылған жылумен жабдықтау және газбен жылыту жүйелеріне қосылған үйлерде тұратын мамандардан басқаларына."
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихаттың |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
Қ.ЕСҚАЛИЕВ | Н.ӨТЕПОВ |