"Еңбекшілдер аудандық Мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № С-45/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 қаңтарда № 5171 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабының 3 тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайын бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Еңбекшілдер аудандық Мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесі бекітілсін.
      2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       А.Бабақов

      Аудандық мәслихат
      хатшысының міндетін атқарушы               И.Магерко

Еңбекшілдер аудандық маслихатының
2015 жылғы 9 желтоқсандағы  
№ С-45/3 шешімімен бекітілді 

«Еңбекшілдер аудандық Мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Еңбекшілдер аудандық Мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі (әрі қарай – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайын бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Жарлығын іске асыру үшін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді және «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
      2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.
      4. Қызметшілерді бағалау мыналардан құралады:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағылардың немесе әріптестерінің бағалауы).
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.
      9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Еңбекшілдер аудандық мәслихат аппаратының басшысы Комиссия төрағасы болып табылады.
      Лауазымдық міндетіне аудандық мәслихат аппаратының кадырлық қызметтерін жүргүзуі жүктелген бас маман Комиссия хатшысы болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4 тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      11. Комиссия хатшысы Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
      Комиссия хатшысы бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4 тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1 қосымшасына сәйкес үлгі бойынша тікелей басшысының бағалау парағын Комиссия хатшысына алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын Комиссия хатшысына қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды түрде жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Комиссия хатшысы және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай Комиссия хатшысы бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      14. Осы Әдістеменің 13 тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2 қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
      15. Осы Әдістеменің 13 тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде Комиссия хатшысына жіберіледі.
      16. Комиссия хатшысы осы Әдістеменің 13 тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
      17. Осы Әдістеменің 13 тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауы жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      18. Комиссия хатшысы қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

а = b + c

      a – қызметшінің қорытынды бағасы,
      b – тікелей басшының бағасы,
      с – осы Әдістеменің 13 тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
      19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 балдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»,
      21 дан 33 балға дейін – «қанағаттанарлық»,
      33 балдан жоғары – «тиімді».

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      20. Комиссия хатшысы Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Комиссия хатшысы Комиссияның отырысына мына құжаттарды тапсырады:
      1) тікелей басшының толтырылған бағалау парағын;
      2) айналмалы бағалаудың толтырылған парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) бағалау нәтижелерін бекіту;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      2) комиссия хатшысымен қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      22. Комиссия хатшысы бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды түрде жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Комиссия хатшысы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      23. Осы Әдістеменің 20 тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы Комиссия хатшысында сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      24. Қызметшінің комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органында немесе оның аумақтық депатраментіне шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне ұсынылады.

«Еңбекшілдер аудандық  
Мәслихатының аппараты» 
мемлекеттік мекемесінің 
«Б» корпусындағы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы   
бағалаудың әдістемесіне 
1 қосымша        

Тікелей басшысының бағалау парағы

Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.:____________________________________

Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _________________________________

№ р/р

Өлшем

Көрсеткіштің мәні

Баға (балл)

1

Бастамашылығы

2-ден 5-ке дейін


2

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 8-ге дейін


3

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5-ке дейін


4

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін



Барлығы (барлық бағалардың бағасы)



Таныстым:
Қызметші                                  Тікелей басшы
(Т.А.Ә.) __________________               (Т.А.Ә.) __________________
күні______________________                күні______________________
қолы______________________                қолы______________________

«Еңбекшілдер аудандық  
Мәслихатының аппараты» 
мемлекеттік мекемесінің 
«Б» корпусындағы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы   
бағалаудың әдістемесіне 
2 қосымша        

Айналмалы бағалау парағы

Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.:____________________________________

Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _________________________________

№ р/р

Өлшем

Көрсеткіштің мәні

Баға (балл)

Бағынышты адам

1

Жұмысты жоспарлай алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2

Жұмысқа ынталандыру қабілеті

2-ден 5-ке дейін


3

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін



Барлығы (барлық бағалардың бағасы)



Әріптесі

1

Топта жұмыс істей алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


3

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 5-ке дейін



Барлығы (барлық бағалардың бағасы)



«Еңбекшілдер аудандық   
Мәслихатының аппараты»  
мемлекеттік мекемесінің 
«Б» корпусындағы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы   
бағалаудың әдістемесіне 
3 қосымша        

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы______________________________________________________
(мемлекеттік орган атауы)

№ р/р

Қызметшінің Т.А.Ә.

Тікелей басшының бағасы

Айналмалы баға

Қорытынды баға

1





...





Комиссия қорытындысы:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Тексерген:

Комиссия хатшысы:_______________________ Күні:____________________
                      (Т.А.Ә., қолы)

Комиссия төрағасы:______________________ Күні:____________________
                      (Т.А.Ә., қолы)

Комиссия мүшесі:_______________________  Күні:____________________
                      (Т.А.Ә., қолы)