2016 жылғы халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № а-12/357 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда № 5168 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № а-04/111 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 14.04.2016 № а-04/111 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабына сәйкес, ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін адамдар (бір жылдан астам);
      2) отбасында бірде бір адам жұмыс істемейтін адамдар;
      3) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған адамдар;
      4) маусымдық және уақытша жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзімі аяқталған адамдар;
      5) елу жастан жоғары адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімінің орынбасары Б.Ш.Тасылбековаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ.Испергенов