Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № А-2/386 "Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № А-12/2081 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 қаңтарда № 5184 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № А-2/386 «Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №-1-1-138 болып тіркелген, 2011 жылдың 2 наурызында «Степной маяк» және «Көкшетау» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;
      көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.Ш. Тушановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көкшетау қаласы
      әкімінің міндеттерін
      атқарушы                                   Ш.Сәдуақасов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Көкшетау қалалық аймақтық
      сайлау комиссиясының төрайымы              М.М.Қалиева
      «8» 12 2015 жыл

Көкшетау қаласы әкімдігінің
2015 жылғы «08» 12    
№ А-12/2081 қаулысына  
1 қосымша        

Көкшетау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 25 ақпандағы 
№ А-2/386 қаулысына   
1 қосымша        

Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін объектінің атауы

Ақпараттық тумбалар

1.

Көкшетау қаласы

«Юбилейный» мөлтек ауданы, 39, «Бакалея» дүкенінің ауданы

тумба – витрина

2.

Көкшетау қаласы

М. Горький көшесі, 60, «Тігін фабрикасы» аялдамасының ауданы

тумба – витрина

3.

Көкшетау қаласы

М. Әуезов көшесі, 173, «Базар» аялдамасының ауданы

тумба – витрина

4.

Көкшетау қаласы, Красный Яр селосы

Ленин көшесі, 22,«Темирлан» дүкенінің ауданы

тумба – витрина

5.

Көкшетау қаласы, Красный Яр селосы

Симферопольский көшесі, 1, «Наурыз» дүкенінің ауданы

тумба – витрина

6.

Көкшетау қаласы, Станционный кенті

Юбилейная көшесі, 18, «Синегорье» дүкенінің ауданы

тумба – витрина

7.

Көкшетау қаласы

Васильковский мөлтек ауданы, 34, «Сырымбет» дүкенінің ауданы

тумба – витрина

8.

Көкшетау қаласы

Кенесары көшесі, 191, «Достық» дүкенінің ауданы

тумба – витрина

9.

Көкшетау қаласы

Сүлейменов көшесі, 2 А, Жібек Жолы базарының ауданы

тумба – витрина

10.

Көкшетау қаласы

Осипенко көшесі, 1, «РИО» сауда ойын-сауық кешенінің ауданы

тумба – витрина

11.

Көкшетау қаласы

Рахымбек Сабатаев көшесі, 1, «Ақмола облыстық ауруханасы» аялдамасының ауданы

тумба – витрина

12.

Көкшетау қаласы

Станиславский көшесі, 35,№ 14 орта мектептің ауданы

тумба – витрина

13.

Көкшетау қаласы

Абай көшесі, 124, «Истоки» мәдениет сарайының ауданы

тумба – витрина

14.

Көкшетау қаласы

Буденный көшесі, 83, «Бурабай спорт кешені» аялдамасының ауданы

тумба – витрина

15.

Көкшетау қаласы

О. Қуанышев көшесі, 170, ауыл шаруашылығы институты аялдамасының ауданы

тумба – витрина

Көкшетау қаласы әкімдігінің
2015 жылғы «08» 12    
№ А-12/2081 қаулысына  
2 қосымша        

Көкшетау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 25 ақпандағы 
№ А-2/386 қаулысына   
2 қосымша        

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

Елді мекеннің атауы

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

1.

Көкшетау қаласы

Сүлейменов көшесі, 10, Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Достар» мәдениет сарайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәжіліс залы

2.

Көкшетау қаласы

М. Горький көшесі, Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы

3.

Көкшетау қаласы

Ақан сері көшесі, 90, Ақмола облысының мәдениет басқармасы жанындағы «Көкшетау» мәдениет сарайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының көрермендер залы

4.

Көкшетау қаласы

М. Әуезов көшесі, 216, Ақмола облысының мәдениет басқармасы жанындағы «Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының көрермендер залы