Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 1063 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 19 ақпанда № 13138 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрінің кейбір бұйрықтарына мындай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10407 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасында қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді Алматы, Павлодар, Өскемен және Теміртау қалаларының жергілікті атқарушы органдары жүргізеді (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар).»;
      6-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті жергілікті атқарушы органдар өтініш берілген күннен бастап сегіз жұмыс күнінде қарайды.
      Қаралған өтініштердің қортындылары бойынша жергілікті атқарушы органдар қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті береді не қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеуден бас тартады.»;
      15-тармақ алынып тасталсын;
      2) «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 535 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11420 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу стандартында:
      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде – 8 (сегіз) жұмыс күні.
      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қараудан бас тартады.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінге кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      мемлекеттік тіркеуге жататын қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізбесі;
      меншік құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      дайындаушы зауыттың қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбір бірлігіне техникалық паспортының (формулярының) көшірмесі;
      тіркеу алымының төленгенiн растайтын құжат.
      Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын шығару үшін:
      еркін нысанындағы өтініш;
      қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын есептен шығару туралы актінің не закымдануы туралы, Қазақстан Республикасынан тыс пайдалану үшін әкете отырып, сату туралы құжаттың көшірмесі;
      2) порталда:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      меншік құқығын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
      дайындаушы зауыттың қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбір бірлігіне техникалық паспортының (формулярының) электрондық көшірмесі;
      ЭҮТШ арқылы төлем жағдайын қоспағанда, тіркеу алымының төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
      Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын шығару үшін:
      еркін нысанындағы өтініштің электрондық көшірмесі;
      қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын есептен шығару туралы актінің не закымдануы туралы, Қазақстан Республикасының шегінен тыс пайдалану үшін әкете отырып, сату туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты растайтын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеу (қайта тіркеу) туралы, ЭҮТШ арқылы төлем жағдайын қоспағанда, тіркеу алымының төленгенiн растайтын құжат туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма қол немесе пошта байланысы арқылы) қағаз тасығышта өтінішті қабылдаудың растау осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатты беру болып табылады.
      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрауды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.»;
      3-тарауының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі»;
      4-тарауының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар».
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың
      2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі           Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _________________ Е. Досаев
      2016 жылғы 21 қаңтар