"Жергілікті атқарушы органдардың 2015-2017 жылдарға арналған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 466 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 776 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 ақпанда № 13032 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 164-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Жергілікті атқарушы органдардың 2015-2017 жылдарға арналған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 466 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11821 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жергілікті атқарушы органдардың 2015-2017 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері туралы";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жергілікті атқарушы органдардың 2015-2017 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін бекіту.";
      Аталған бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың 2015-2017 жылдарға арналған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік–жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Бірінші вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы

М. Құсайынов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
__________ Б. Сұлтанов
" " 2015 жыл




      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушының
__________ Р. Дәленов
" " 2016 жыл






Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының


2015 жылғы 15 желтоқсандағы


№ 776 бұйрығына
қосымша


Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 466 бұйрығымен
бекітілді

Жергілікті атқарушы органдардың 2015-2017 жылдарға арналған
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері,
оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері

                                                                               мың теңге
 

р/р
 


 

Жергілікті атқарушы орган
 

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау лимиті
 

2015 жыл
 

2016 жыл
 

2017 жыл
 



ЖАО МЖӘ ММ лимиті
 

Қабылдау лимиті
 

ЖАО МЖӘ ММ лимиті
 

Қабылдау лимиті
 

ЖАО МЖӘ ММ лимиті
 

Қабылдау лимиті
 

1
 

Ақмола облысы
 

9 835 872
 

9 334 216
 

10 848 266
 

10 346 611
 

11 406 628
 

10 904 973
 

2
 

Ақтөбе облысы
 

17 862 459
 

17 862 459
 

21 113 644
 

21 113 644
 

20 721 222
 

20 721 222
 

3
 

Алматы облысы
 

23 856 532
 

23 856 532
 

27 651 583
 

27 651 583
 

30 910 832
 

30 910 832
 

4
 

Атырау облысы
 

16 694 853
 

16 694 853
 

17 267 904
 

17 267 904
 

16 819 713
 

16 819 713
 

5
 

Шығыс Қазақстан облысы
 

16 122 423
 

16 122 423
 

17 951 040
 

17 951 040
 

19 973 984
 

19 973 984
 

6
 

Жамбыл облысы
 

7 719 437
 

7 719 437
 

8 162 831
 

8 162 831
 

8 341 749
 

8 341 749
 

7
 

Батыс Қазақстан облысы
 

10 637 750
 

10 637 750
 

10 677 011
 

10 677 011
 

11 404 672
 

11 404 672
 

8
 

Қарағанды облысы
 

23 127 513
 

23 127 513
 

28 109 160
 

28 109 160
 

29 294 549
 

29 294 549
 

9
 

Қызылорда облысы
 

7 747 661
 

7 747 661
 

8 728 640
 

8 728 640
 

8 746 222
 

8 746 222
 

10
 

Қостанай облысы
 

11 517 670
 

11 232 870
 

12 586 214
 

12 301 414
 

12 875 778
 

12 590 978
 

11
 

Маңғыстау облысы
 

17 274 901
 

17 274 901
 

6 994 112
 

6 994 112
 

8 053 666
 

8 053 666
 

12
 

Павлодар облысы
 

16 924 837
 

16 924 837
 

17 842 474
 

17 842 474
 

19 240 527
 

19 240 527
 

13
 

Солтүстік Қазақстан облысы
 

6 142 852
 

4 434 712
 

6 481 594
 

4 773 453
 

6 930 348
 

5 222 208
 

14
 

Оңтүстік Қазақстан облысы
 

15 336 907
 

15 336 907
 

16 970 777
 

16 970 777
 

17 431 693
 

17 431 693
 

15
 

Алматы қаласы
 

44 692 793
 

31 692 793
 

46 420 026
 

46 420 026
 

47 000 000
 

47 000 000
 

16
 

Астана қаласы
 

30 497 853
 

30 497 853
 

30 301 151
 

30 301 151
 

31 104 622
 

31 104 622
 


Барлығы:
 

275 992 313
 

260 497 717
 

288 106 426
 

285 611 829
 

300 256 203
 

297 761 606
 


            Ескертпе: аббервиатуралардың толық жазылуы:
      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
      МЖӘ ММ – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер