Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 249 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 ақпанда № 12998 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптар;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковке жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 249 қаулысына
1-қосымша

Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптар

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      1. Осы Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      2. Сауда-саттықты ұйымдастырушы органы болып:

      1) жоғарғы органы - акционерлердің жалпы жиналысы;

      2) басқару органы - директорлар кеңесі;

      3) атқарушы органы - басқарма.

      3. Листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелері бойынша шешім қабылдау үшін құзыретіне осы мәселелерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау кіретін қор биржасының органы (бұдан әрі - листинг комиссиясы) құрылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      4. Листинг комиссиясы тақ саны бар мүшелерден тұрады. Листинг комиссиясы мүшелерінің саны бес адамнан кем болмайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      5. Листинг комиссиясының құрамына қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) өкілі кіреді.

      Листинг комиссиясы құрамы мыналардан құралады:

      қор биржасы басқармасының мүшелері;

      қор биржасы директорлар кеңесінің мүшелері;

      "Қазақстанның қаржы ұйымдары қауымдастығы" ЗТБ өкілдері.

      Листинг комиссиясы мүшелерінің бірі листинг комиссиясының отырыстарына жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) қатыспаған жағдайда, қор биржасының директорлар кеңесі оны қайта сайлау туралы шешім қабылдауға құқылы.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      6. Листинг комиссиясының құрамы қор биржасының директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      7. Директорлар кеңесі листинг комиссиясының төрағасын қор биржасы басқармасының мүшелері және уәкілетті органның өкілдері болып табылатын мүшелерді қоспағанда, листинг комиссиясының мүшелері арасынан сайлайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      8. Листинг комиссиясының отырыстары уәкілетті органның өкілін қоса алғанда, листинг комиссиясы мүшелерінің жалпы санынан кем дегенде үштен екісі отырысқа қатысу талабымен қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      Листинг комиссиясының отырысына қажеттілігіне қарай бағалы қағаз эмитентінің және жасалған шартқа сәйкес эмитентке оның бағалы қағаздарын сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымның өкілдері (бұдан әрі - қаржы консультанты) шақырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      9. Листинг комиссиясының шешімі оның қабылдануына листинг комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кем дегенде үштен екісі дауыс берсе қабылданады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      10. Листинг комиссиясы қызметінің тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      11. Қор биржасы эмитенттер аудитінің мәселелері бойынша қор биржасы директорлар кеңесінің комитетін (бұдан әрі - эмитенттер аудиті жөніндегі комитет) құрады, олардың функциялары мыналар болып табылады:

      1) эмитенттердің қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есептерді (эмитенттердің қаржылық есептілігін аралық шолу бойынша аудиторлық ұйымдардың есептерін) қарау, олардың бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі болжануда немесе енгізілген, осы қаулының 21-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қор биржасы бөлімшесінің сұрауы бойынша көрсетілген есептерді қарау нәтижелері туралы тиісінше ақпаратты дайындау;

      2) қор биржасының ресми тізіміне эмитенттердің болуы және олардың бағалы қағаздарын енгізу үшін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесін қалыптастыру;

      3) қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген функциялар.

      12. Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің құрамына:

      1) уәкілетті органның өкілі;

      2) қор биржасы басқармасының мүшелері;

      3) негізгі функциясы бағалы қағаздар листингі болып табылатын қор биржасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

      4) негізгі функциясы бағалы қағаздардың листингтік талаптарға болашақта сәйкес келуіне мониторинг жүргізу болып табылатын қор биржасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

      5) қор биржасының директорлар кеңесінің мүшелері кіреді.

      Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің шешімі бойынша оның отырыстарына қатысу үшін аудит және қаржылық есептілік саласында кәсіби білімі бар сарапшылар шақырылады.

      13. Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің құрамы қор биржасының директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.

      14. Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің төрағасын қор биржасының директорлар кеңесі осы комитет мүшелерінің арасынан сайлайды.

      15. Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      16. Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің қызмет тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалады.

      17. Меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу бойынша инвестициялық шешім қабылдау үшін қор биржасы құрамы үш адамнан кем емес инвестициялық комитетті құрады.

      18. Мыналар:

      1) қор биржасы басқармасының мүшелері;

      2) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын қор биржасы бөлімшесінің басшысы;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызметкерлерден басқа қор биржасының қызметкерлері инвестициялық комитеттің құрамына кіреді.

      19. Инвестициялық комитеттің қызметінің тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.

      20. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдастырушылық құрылымына негізгі функциялары мыналар:

      1) қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру;

      2) ақпаратты өндеу және тарату;

      3) сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметін бағдарламалық қамтамасыз ету;

      4) сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметін техникалық қамтамасыз ету;

      5) тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және оларға мониторинг жүргізу;

      6) ішкі аудит және бақылау болып табылатын дербес бөлімшелер кіреді.

      21. Қор биржасының сауда-саттықты ұйымдастырушысының ұйымдық құрылымына негізгі функциялары мыналар:

      1) бағалы қағаздар листингі;

      2) бағалы қағаздардың листинг талаптарына бұдан былай сәйкес келу мониторингі;

      3) қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау қызметін жүзеге асыру болып табылатын дербес бөлімшелер кіреді.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 249 қаулысына
2-қосымша

Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты
ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің қызметін жүзеге асыру
қағидалары

      1. Осы Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің қызметін жүзеге асыру қағидалары "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесі қызметінің тәртібін белгілейді және қор биржасы болып табылатын сауда- саттықты ұйымдастырушыға қолданылады.

      2. Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің (бұдан әрі - қадағалау бөлімшесі) негізгі функциялары болып мыналар табылады:

      1) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің мониторингі мен талдауын жүзеге асыру;

      2) жасалу параметрлері мен талаптары осы мәмілелер бағалы қағаздар рыногында манипуляция жасау мақсатында жасалған деп болжау жасауға негіз болатын, қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді анықтау (бұдан әрі - күмәнді мәмілелер);

      3) клиентті тиісті тексеру бойынша "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды қабылдау;

      4) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану мәселесі бойынша қор биржасының сараптама комитетіне (бұдан әрі - сараптама комитеті) күмәнді мәмілелер туралы мәліметтер беру;

      5) қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген функциялары.

      3. Қор биржасының қадағалау бөлімшесін басшы басқарады және қор биржасының атқарушы органының мүшесі оған жетекшілік етеді.

      4. Қадағалау бөлімшесінің қызметкерлері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13333 тіркелген "Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында жасалған бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелердi айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану, қор биржасының сараптамалық комитетін жасақтау және оның жұмыс жасау қағидаларын, сондай-ақ оның сандық құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 13 қаулысымен (бұдан әрі - № 13 қаулы) және (немесе) қор биржасының ішкі құжаттарымен бекітілген критерийлерге сәйкес келетін күмәнді мәмілелерді анықтаған болса, күмәнді мәміле туралы есеп дайындайды, онда мыналар қамтылады:

      1) оның негізінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалған мәміле № 13 қаулыға және (немесе) қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес күмәнді мәмілелер санына жатқызылған критерийдің сипаттамасы;

      2) күмәнді мәміленің параметрлері және қажет болғанда оның графикалық суреті;

      3) өзара байланысты күмәнді мәмілелер тобының құрамына кіретін күмәнді мәміле үшін мұндай мәмілелердің параметрлері және қажет болғанда осы топтың графикалық суреті;

      4) күмәнді мәміле бағалы қағаздар нарығында манипуляциялау мақсатында жасалды деп қорытынды жасауға мүмкіндік беретін мәліметтер;

      5) күмәнді мәмілені жасауға ықтимал себептері немесе бағалы қағазға немесе өзге қаржы құралына нарықтық бағаның өзгеруіне осы мәміленің әсер етуі, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы және (немесе) мәміле қатысушыларының кірістері мен шығындарына осы мәміленің әсері келтірілген талдау бөлігі;

      6) есепті жасаған қадағалау бөлімшесі қызметкерінің қойылған қолы;

      7) қадағалау бөлімшесі бастығының қойылған қолы;

      8) қадағалау бөлімшесіне жетекшілік ететін қор биржасының басқарма мүшесінің есепті сараптама комитетіне жіберу туралы бұрыштамасы.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      5. Күмәнді мәміле туралы есеп қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімде, бірақ осы мәмілені жасаған күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жасалады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 249 қаулысына
3-қосымша

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 195 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5495 тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөнінде" 2008 жылғы 28 қарашадағы № 195 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы № 61 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5661 тіркелген, 2009 жылғы 29 мамырда "Заң газеті" газетінде № 80 (1503) жарияланған).

      3. "Қор биржасында тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда- саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөніндегі" 2008 жылғы 28 қарашадағы № 195 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 244 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5991 тіркелген) 2-тармағы.

      4. "Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 7 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9410 тіркелген, жылғы 29 мамырда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 мамырдағы № 98 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9621 тіркелген, 2014 жылғы 11 тамызда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық- құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін тізбесінің 2-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 168 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9796 тіркелген, 2014 жылғы 12 қарашада "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 8-тармағы.

      7. "Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 195 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 56 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11291 тіркелген, 2015 жылғы 23 мамырда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).